13 наурызда «Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ – де Риддер қаласының орман аумақтарын сақтау - бірыңғай мақсат біріктіретін мекемелер өкілдерінің кеңесі өтті.

Осы жиналысқа келесі ұйымдар қатысты: «Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ, «Пихта орман шаруашылығы» КММ, «Риддер орман шаруашылығы» КММ, "Қазақстандық база орман шаруашылығына қызмет көрсету» РМҚК Риддер бөлімшесі, «Үлбі» шекара заставасы, Риддер қаласының № 4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі, ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің ӨСжАҚЖҚ» ММ

Осы жиналыста «БАМТҚ» РММ директоры Қ. З. Тенкебаев қатысушыларды 2018 жылғы өрт қауіпті маусымның қорытындылары және алдағы өрт қауіпті кезеңге қойылған мақсаттар мен міндеттер туралы таныстырды. Басқа ұйымдардың өкілдері өз ұсыныстарымен сөз сөйледі және жиналыс қорытындысы бойынша шешімдер қабылданды:

  1. «БАМТҚ» РММ директорының орынбасары Л. Н. Винокуроваға орман өрттері туындаған кезде хабарландырудың бірыңғай схемасын әзірлеу және басқа ұйымдарға мәлімет беруді ұсынды.
  2. Мекеме басшыларына өрт қауіпті кезеңде бекітілген кезекшілік кестесін, телефон нөмірлерін, шақыру белгілерін беру және басқа ұйымдармен алмасуды ұсынды.
  3. 2019 жылғы 16 сәуірде Риддер қ. 4-МӨСБ (Гоголь к-сі,6) өрт гидранттарын пайдалану бойынша оқу-жаттығу өткізуді ұсынды.
  4. Өрт қауіпті кезең басталғаннан кейін орман өрттерін сөндіру бойынша бірлескен өрт-тактикалық оқу-жаттығулар ұйымдастырылсын