Қазақстан соңғы екі жылда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бойынша елеулі қадам жасады. Ең алдымен, олар мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа саясатын іске асырумен байланысты, оның тұжырымдамалық негізі 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия және «100 нақты қадам» ұлт жоспары болып табылады.

 

Осы мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде ай сайын «БАМТҚ» РММ әкімшілік ғимаратында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырып бойынша жиналыстар өткізіледі. 2019 жылдың 12 ақпанында кезекті жиналыс өтті.

 

Аталған іс-шарада қызметкерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жол картасымен, Қазақстанның 2018 жылға арналған сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексіндегі жағдайы, қорғау заңнамасын бұзу бойынша жазаны қатаңдатудың жаңа шаралары туралы танысты.