2019 жылдың 8 қаңтарында «Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ әкімшілік ғимаратында 2018 жылдың қорытындысы бойынша брифинг өткізілді.
Брифингке Риддер қаласындағы 9 ұйымның өкілдері қатысты. Олардың ішінде: Пихта орман шаруашылығы және Риддер орман шаруашылығы, Риддер аграрлық-техникалық колледжі, Алтай ботаникалық бағы, «Үлбі» шекара заставасы, «ҚазОШҒЗИ» Алтай филиалы, Риддер тарихи-өлкетану мұражайы, Риддер қаласының Кәсіпкерлік және туризм бөлімі және «Лениногорская правда» газеті болды.
Кіріспе сөз А. Е. Мақаевқа берілді, ол Батыс-Алтай қорығының жаңа директоры
Қ. З. Тенкебаевты таныстырды.
«БАМТҚ» директорының орынбасары Л. Н. Винокурова брифингке қатысушылардың назарына 2018 жылы атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша толық баяндама мен көрнекі презентация ұсынды:
- Табиғи кешендер мен нысандарды күзету қызметі бөлімі
- Ғылым ақпарат және мониторинг қызметі
- Экологиялық-ағартушылық және туризм қызметі
Өткізілетін брифингтің мақсаты «БАМТҚ» РММ-нің жүргізіп жатқан жұмысына жұртшылықтың, азаматтық қоғамның назарын аудару болып табылады.
Брифинг барысында «ҚазОШҒЗИ» ЖШС Алтай филиалының директоры Калачев Андрей Александрович ғылыми тақырыптар бойынша көптеген сұрақтар қойды, халықаралық ынтымақтастықтың бар-жоқтығы және Риддер қаласы әкімдігінің қандай көмек көрсетіліп жатқандығы сұралды.
«Лениногорская правда» БАҚ өкілі Леонид Троценко қорықтар, бағыттар туралы толық ақпаратты қайдан табуға болатыны, сайттың бар-жоқтығы, қандай әлеуметтік желілерде тіркелгендігі туралы қызығушылық танытты.
Коновалово ауылының маңындағы аймақта ақпараттық тақталарды қою қажеттілігі туралы мәселе қозғалды. Туристердің және жергілікті тұрғындардың шекарадан өту тәртібі туралы мақалаларды қорықтың сайтында орналастыру.
Іс-шараны қорытындылай келе, қатысушылар Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығына атқарылған жұмыстары үшін алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта да серіктестікке тілек білдірді.
https://zagpz.kz/kz/zhanaly-tar/201-zhyl-orytyndysy-bojynsha-brifing.html#sigFreeId4b30f7f15e