Батпақ қалтагүл (лат. Cáltha palústris) – қалтагүл тұқымдасының көпжылдық шөптесін өсімдік түрі.
Сабағы етті,тік, кейде жатаған (бұл жағдайда түйіндер оңай тамыр алады). Биіктігі 3-тен 40 см-ге дейін, кейде одан да биік болып өседі.
7-ге дейінгі гүлдер үстіңгі жапырақтардың астында ұзын гүл шоқтарында орналасқан. Гүлқоршауы қарапайым, ашық сары, қызғылт сары немесе алтын түсті, диаметрі 5 см-ге дейін, гүл кестесінің әрқайсысының ұзындығы 25 мм-ге дейін 5 жапырақшадан тұрады.
Жемісі көп жапырақты. Жапырақтардың саны гүлдегі аналықтардың санына сәйкес келеді. Жапырақтардың соңында шүмегі бар. Жапырақта 10-ға дейін қара жылтыр тұқымдар бар (мөлшері 2,5 мм-ге дейін), олар пісіп-жетілген кезде (мамыр-маусым айларында) түседі.
Бұлақтардың айналасындағы және өзендер мен бұлақтар бойындағы баяу ағып жатқан немесе тоқтап тұрған суда, ормандар мен шалғындардағы көлдерде, батпақтар мен батпақты жерлерде, дымқыл арықтар бойында өседі.
Тауларда ол теңіз деңгейінен 4000 м биіктікке көтеріледі.
Бағбандар өсіретін сәндік өсімдік, бақша формалары бар. Жаңа гүлді өсімдіктерден жөтелге қарсы гомеопатиялық препарат дайындалады.
Ашылмаған бүршіктерін сірке суына маринадтап, тағамға пайдаланылған. Бұрынғы уақытта нан пісіргенде тамыры мен сабағын ұнға араластыратын. Грузиндер көктемде гүлдер мен бүршіктері бар сабақтарды жинап, оларды жарма және басқа да заттар жасау үшін пайдаланды. Гүлдерден сары бояуды алуға болады. Жапырақтары халықтық медицинада күйік пен жараларды емдеу үшін қолданылған.
Материалды ҒМЭАжТ бөлімінің маманы Ә.Нұрахметова дайындады.
Фото ғаламтор желісінен алынды.