Сұр қарға (лат. Corvus cornix) -  қарғалар тұқымдасына жататын құстар.
Басы, қанаттары мен құйрығы қара, денесі сұр. Орташа ұзындығы - 50 сантиметр, дене салмағы 460-735 грамм, қанаты - 1 метрге дейін.
Қарғалар – бәрін жейтін құстар, олар жәндіктермен, кеміргіштер мен кесірткелермен, бақалармен, жұмыртқалармен және балапандармен, балықтармен, өсімдіктердің өздерімен, әртүрлі өсімдік тұқымдарымен, сондай-ақ санитарлық тазалық үшін үлкен маңызы бар тамақ қалдықтары және өлекселермен қоректенеді.
Көбею маусымында  олар орман үстінде қуулармен,  керемет  әуе ойындарын бастайды. Сұр  қарға наурыз-сәуір айларында ұя сала бастайды (климатқа байланысты).
Қарға жай жүрген адамды және мылтығы бар аңшыны тамаша ажыратады және соған сәйкес әрекет етеді. Әдетте, қарғалар адамдардан қашқақтайды, бірақ оларды тамақтандыратындардың жүздерін есте сақтайды және болашақта  олардың соңынан еріп, оларға жақын ұшады. Сондай-ақ,  қарғалар тапқырлықты көрсете алады, мысалы, жасырын олжаларын еске түсіру, қажет болған жағдайда оған оралу немесе үлкен биіктіктен жаңғақтарды лақтыру.
Қарғалар кішкентай болғандарына қарамастан балапандарын қорықпай қорғайды. Егер балапан ұядан құлап кетсе, оны алуға тырыспаған дұрыс - қарғалар бірден туыстарын тартып, айқайлай бастайды, көптеп жиналып, мысық, ит немесе адам болсын, шабуылдаушыға шабуыл жасайды. Шабуыл кезінде олар арт жағынан ұшып, басын немесе көздерін шұқылауға тырысады. Қарғалар шабуылдаушыны есіне сақтап қалады және келесі келген кезде олар міндетті түрде айғай мен шу шығарады.
Материалды ҒМЭАжТ бөлімінің маманы Нұрахметова Ә.К. дайындады.
Сурет ғаламтор желісінен алынды.