ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 15.11.2022 жылғы № 27-5/287 «2022 жылдың жаңа жыл қарсаңында жас қылқан жапырақты ағаш түрлерін қорғауды күшейту туралы» бұйрығына сәйкес, жаңа жылдық шыршаларды сақтау мақсатында қорықтың ТКмНКҚ бөлімінің қызметкерлерінен құралған мобильдік топ жол бойында, күзету аймағында және «Белоубинский» бекетінде рейдтік іс-шаралар өткізді. Рейд кезінде қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кесу және табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактілері тіркелмеген.