Бұл үлкен гарпияның құрты (Cerura vinula) — Хохлатка отбасынан шыққан түнгі көбелек. Оны, өзі сияқты жапырақтары жап-жасыл талдын бұтақтарында  жаздың басында кездестіруге болады. Ол сол жапырақтармен қоректенеді.
Гарпия личинкасы өзінің қалыпты жағдайында онша көзге түсе бермейді. Ал оны мазласаңыз - шұғыл өзгереді: денесінің алдыңғы бөлігі үлкейіп, басының айналасында қызыл сақина пайда болады. Сақина ашылып тұрған, тістері бар ауызға өте ұқсайды. Және кішкентай көздерге ұқсайтын екі қара дақ кескінді айқындайды.  Дененің алдыңғы бөлігін бұрап, құрт әрдайым "масканы" жауға қарай бұрады. Денесінің артығы жағында екі ашық түсті жіпше созылып, жауларына арт жағынан келмеуге ескерту жасайды. Бұл жіпшелер-түрлендірілген личинка аяқтары.
Қызыл сақинаның түбінде, гарпия құртының "төменгі ернінде" кішкене алшақтық бар. Одан құрт құмырсқа қышқылын өзіне қауып төндірген жыртқыштың көзіне шашып қорғанғанға тырысады.
Косаев А.К. инженер-орман патологі. Фото автордікі (шілде 2022 ж.)