2023 жылдың 26 ақпанында «Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ табиғи кешендер мен нысандарды күзету бөлімінің бастығы А.Биахметов «Үлбі» шекара бөлімі қызметкерлерімен және Риддер қаласы бойынша табиғат қорғау полиция қызметкері Д.Есембаевпен бірлесе отырып ҚР табиғат қорғау заңнамалары бойынша тәртіп бұзушылық фактілерін анықтау және қаскөйлікпен күрес жоспары бойынша бірлескен рейдтік шаралар жүргізді. Рейдтік шара «Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ-нің күзету аймағы, «Белоубинский», «Палевский» айналымдарында жүргізілді. Тексеру нәтижесінде табиғат қорғау заңнамасын бұзушылық тіркелмеді, бөгде адамдар қорық аумағында анықталған жоқ.