Бұралаң жолдар зор балқарағайлар, хош иісті самырсын мен тікенекті шыршалар бар қалың  ормандардың арасында таспалармен ирелеңдейді. Алыста бұлақтар шулайды және өзен ағындарымен ағып жатқан шектерден төмен сарқырайды. Алтын жапырақтары аспанның көк түстерін және ботакөздегі шықты қоюландырып, алтай күнгелдісі гүлдейді. Қара жұмысшы құмырсқа тар жолдар бойымен қызғылт түспен гүлдейтін күреңот жапырағынан аппақ қардай түймедаққа көшеді. Жасыл мүктің үлпілдек көрпесімен жабылған тастардың астынан, сұрғылт қына жабысқан ашық жерлерінен өз иеліктерін әрине, ауызында дәнді дақылдары бар улпілдеген алтай шақылдағы ырғып шығып байқап қарап жатыр.  Қара көк жидекті  үшқат пен ұсақ жапырақты тобылғы арасында тез және сақ жануар – арқасы жолақты ала тышқан  жасырынды. Соқпақ ылғал топырақта еліктің жаңа ізін сақтап, аю тырнақтарының жолақтары бар жіңішке сағызқарағай діңіне қарай бұрылды. Ағаштардың ұшарбасының көлеңкесінде балқарағай торғайы қауырсынын жөндеп, ескерту дыбыстарын шығарады. Табиғатта демалу, көз жасындай мөлдір сулармен және қылқандардың хош иістерімен, ұшар басы астындағы хош иісті гүл шоқтары сияқты, өмірді толтырады және медитацияға ұқсайды. Қорғалатын орманда, шу мен қарбаластан алыс болу адам психологиясына жағымды әсер етеді. Табиғаттың кеңдігінде зиянды ластанудан аулақ болу, сөзсіз, жан мен ақыл-ой үшін пайдалы. Әр түрлі өсімдіктердің бір мезгілде гүлдеуі мен солуының алуан түрлілігін, бай жануарлар әлемін және Батыс Алтайдың тау жоталарының керемет сұлулығын туристер өзінің табиғатымен таң қалдыратын қорғалатын жерлерге аяқ басқан кезде көре алады. Батыс-Алтай қорығындағы туризм қызықты саяхат және пайдалы мен жағымдыны қосарлау.
Бүгін, 27 қыркүйек Дүниежүзілік туризм күні – Дүниежүзілік Туристік Ұйымның Бас Ассамблеясы бекіткен халықаралық мереке. 2022 жылдың тақырыбы – «Туризмді қайта ойластыру». Туризмді қайта ойластыру үшін бүкіл маусым бойы  Қазақстан мен шет елдердің тұрғындары Батыс Алтай қорығына, автомобильдік қызықты саяхатқа және жаяу экологиялық соқпақтарға аттанды. Біздің өлкеде туристік маусым биыл туристік топтың алғашқы сапарымен 26 мамырда ашылды. Батыс-Алтай қорығындағы маршруттарға барған кезде барлығы 872 адам керемет табиғи сұлулығын тамашалады.
Күздің ортасы жақындап келеді, көп ұзамай алғашқы қар жамылғысы қорықтың жоталары мен жолдарын жабады, яғни сапарлар маусымы аяқталды. Батыс-Алтай қорығы бағыттарға келушілерді келесі көктемде қабылдауға дайын. Жаңа кездесулерге дейін!
Материалды ҒМЭАжТ бөлімінің зертханашысы Ю. А.Маткова дайындады. Фото автордікі.