«Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ директоры Орсаринов К.А., табиғи кешендер мен нысандарды күзету бөлімінің бастығы Биахметов А.Б. қорық аумағында мемлекеттік инспекторлар мен өрт сөндіру күзетшілерінің кордондағы берілген тапсырма бойынша істеліп жатқан жұмыстарын тексерді. Тексеру нәтижесінде табиғат қорғау заңнамасын бұзушылық тіркелген жоқ.