Күзгі көңіл-күй қорық аумағына кірген кезден басталады. Барлық жерде жапырақтар сарғайып, қызаруда. Шөп жамылғысы құрғақ қоңыр кілеммен төселуде. Қылқан жапырақтардың ұшар басының көлеңкесінде ылғалды топырақ қырау қабығымен жабылған. Линей жотасының шыңдарында шегіргүл өсімдіктерінің қайталап гүлдеуі байқалады. Холзун жотасы қардың тығыз қабатымен жабылған. Жалаңаш бұтақтары бар бұталардың астында ала тышқандар жүгіріп жүр. Мезгіл-мезгіл тас үйінділердің астынан айқайлап, шақылдақ қысқа шөп дайындап жатыр.
ҒМЭАжТ бөлімінің зертханашысы Маткова Ю. А.