Қорық аумағында Қазақстандағы тұяқты жануарлардың ең ірісі мекендейді. Бұлан шөппен қоректенетін бұғылар тұқымдасына жататын жұптұяқты сүтқоректі аң. Биіктігі 2,2-ден 2,4 метрге дейін, дененің мұрыннан құйрықтың ұшына дейінгі ұзындығы үш метрге жетуі мүмкін. Ересек аталық аңның салмағы 400-ден 620 кг-ға дейін, аналықтары 360-тан 570 кг-ға дейін. Бұланның түсі жасына қарай ашық сұр түстен қоңырқай түске дейін болады ал кішкентай бұзаулары сарғыш қоңыр түсті болады. Еліміздің шекаралас аумақтарында, Жайық өзені аңғарында, солтүстік орманында, Ертіс бойы мен Алтай тоғайында кездеседі. Аталығының жуан жалпақ мүйізі болады.Аталықтарының мүйіздерінің мөлшері жасына және бұланның түршелеріне байланысты.Бұланның жасы неғұрлым үлкен болса, мүйіздің негізгі бөлігі соғұрлым үлкен болады және мүйіз салалары саны соғұрлым көп болады. Жас еркектері бір жылға дейін мүйізсіз болады және бір жарым жасқа толғанда ғана кішкентай мүйіздер өсе бастайды. Мүйіздің түсі қоңырдан қою қоңырға дейін болады. Еркектер қыста энергияны үнемдеу үшін күйек маусымынан кейін мүйіздерін тастайды. Көктемде ол мүйіздердің жаңа жұбы өседі. Қорық аумағында жыл бойы өмір сүреді қыс мезгілінде қардың қалың түскен жылдары қорық аумағынан Ресей Таулы Алтайынада көшеді.Бұлан бір немесе екі төлден әкеледі, сирек жағдайларда үш бұзау туады, бірақ көбінесе үшіншісі қалған екеуіне қарағанда әлсіз болып шығады және тірі қалмайды. Бұланның орташа өмір сүру ұзақтығы-15-18 жыл. Материалды дайындаған аңшылық маманы Кінәзханов Ж.Н.