Қорықта жеміс беру процесі гүлдену процесінен басым. Алтай үшқаты, мойыл, аюбадамның  жидектері пісті, қара және қызыл қарақат, балқарағай  енді пісіп жетілуде. Алтай күнгелді, аратіс дарабас, кәдімгі таушымылдық, балдырған, аюбалдырған сияқты шөптесін өсімдіктердің, дәнді дақылдар мен басқалардың тұқымдары пісіп жетілуде.  
Уқорғасын, тегеурінгүл, курил шайы, қызылбас және жатаған беде, мыңжапырақ, сиырсілекей,  күреңоттың гүлденуі жалғасуда.

Аға ғылыми қызметкер Премина Н.В.