Қос ұялы қалақай (лат. Urtica dioica) - көпжылдық шөпті өсімдік, қалақай тұқымының бір түрі.
Қос ұялы қалақай - қуатты тамыры және ұзын көлденең тармақталған тамырлары бар шөпті өсімдік. Ол 60-200 см биіктікке жетеді (идеалды климаттық жағдайда және өсу орнында өсімдіктердің тығыздығы жоғары). Бүкіл өсімдік тығыз түктермен жабылған.
Жемістері - ұзындығы 1-1,4 мм құрғақ, сығылған, екі жағы да шығыңқы, бір тұқымды, сарғыш немесе ашық қоңыр, күңгірт,жұмыртқа немесе эллиптикалық жаңғақ тәріздес. Бір өсімдік 22000 тұқым береді.
Мамырдан кеш күзге дейін гүлдейді, жемістер бір уақытта піседі. Желмен тозаңданады.
Қалақай, әсіресе жас, сүттің өнімділігін және оның май құрамын арттырады.
Құстарды туралған және кебек себілген қалақаймен тамақтандырған кезде жұмыртқаның көлемі артады.
Қалақай сергектік әсерге ие, жануарлардың өнімділігіне, атап айтқанда сиырлардың сүтіне және құстың жұмыртқа өндірісіне әсер етеді деп саналады.
Қалақай жапырақтары көптеген асқазан, бүйрек және гемостатикалық жинақтардың бөлігі болып табылады, олар метаболизмді жақсартатын және жараның жазылуын ынталандыратын мультивитамин ретінде қолданылады.
Жаңа қалақай шырыны зат алмасуды жақсартады. Халықтық медицинада жапырақтары мен сабақтарын радикулит пен буын ауруларын емдеуге пайдаланады.
Қорық аумағының барлық жерінде кездеседі.
Сурет ғаламтор желісінен алынды.

Материалды ҒМЭАжТ бөлімнің маманы
Нұрахметова Ә.К. дайындады.