10 қаңтар күні «Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ-де Мемлекет басшысының 2022 жылғы 5 қаңтардағы Қазақстан Республикасы аумағында төтенше жағдай жариялау жөніндегі Жарлығына сәйкес жиналыс өтті. Жиналыс барысында директордың орынбасары Винокурова Людмила Николаевна еліміздегі төтенше жағдай режимі туралы ақпаратпен таныстырды. Сонымен қатар коммендаттық сағат уақытында көшеге шықпауды, ұйымдастырылған іс-шараларға қатыспауды, қаладан шықпауды және төтенше жағдай енгізілген аумаққа кірмеуді ескертті.