Жыл сайынғы "ШЫРШАНЫ ҚОРҒАЙМЫЗ ЖӘНЕ САҚТАЙМЫЗ!» акциясы аясында қолөнер мен жаңа жылдық композициялардың шығармашылық байқауы жарияланады
Байқаудың мақсаты – халықтың назарын тірі шыршаны кесуден қорғауға және сақтауға аудару. Шығармашылық қызметті жандандыру арқылы экологиялық сана деңгейін арттыру.
Байқауды өткізу тәртібі: байқауды өткізу үлгісі – көзбе-көз. Жұмыстарды ғылым, мониторинг, экологиялық ағарту және туризм бөліміне ұсыну қажет.
Байқау алаңы: "Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы" РММ табиғат мұражайы
Қатысушыларға қойылатын талаптар: Байқауға мектеп жасына дейінгі балалар, оқушылар, студенттер және барлық тілек білдірушілер қатыса алады.
Байқауды өткізу мерзімі мен тәртібі:
Өтінімдер мен материалдарды қабылдау 27.12.2021 ж. дейін (қоса алғанда)
Бағалау кезеңі 05.01-13.01.2022 ж.
Марапаттау 14.01.2022 ж. (естелік сыйлықтар мен мақтау қағаздар)
Жұмысқа қойылатын талаптар:
- Жұмыстарды қатысушылар өз бетінше орындайды. Жұмыс қатысушылардың жасына сәйкес келуі керек, ересектер көмекші, тәлімгер бола алады;
- Шығармашылық жұмыстарда байқаудың негізгі тақырыбын көрсету қажет- халықтың назарын шығармашылық арқылы тірі шыршаны кесуден қорғауға және сақтауға аудару.
- Байқауға кез – келген материалдан (табиғи-қағаз, тұқым, тастар, бүршіктер және т. б. қолдана отырып) және кез-келген орындау техникасынан жасалған жұмыстар қабылданады;
- Байқауға түскен жұмыстар қайтарылмайды.
а. Жаңа жылдық композициялар - бұл орманда кесілген шыршаның орнына бөлмені безендіруге болатын (қабырға, үстел) әшекейлер. Мысалы гүл шоқтары, гүлдесте және т.б.
ә. Қолөнер - тірі шыршаға балама. Балама өз қолдарымен жасалған шыршалар болуы мүмкін, ең бастысы қоршаған ортаға зиян келтірмеуі керек. Жұмыс өлшемі 50 см-ден аспауы қажет.
Байқау жұмыстарын бағалау критерийлері
- Шығармашылық идеяның өзіндік ерекшелігі
- Жұмыстың байқау тақырыбына сәйкестігі
- Автордың қиялының байлығы мен шығармашылық көзқарасы
- Көркемдік бейненің тұтастығы
- Стандартты емес орындау техникаларын және көркем материалдарды қолдану
- Тақырыптың өзектілігі мен тереңдігі
- Жұмыстың автордың жасына қатынасы (жас санаттары: 3 жастан 6 жасқа дейін;
- 7 жастан 11 жасқа дейін; 12 жастан 18 жасқа дейін; 19 жастан жоғары).
- Жұмыстың рәсімдеу талаптарына сәйкес келуі.
Байқауға өткізу қажет:
1.Өтінім
2.Шығармашылық жұмыс
Өтінім нысаны
ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМ
1 | Жаңа жылдық композиция немесе қолдан жасалған бұйым | |
2 | Қатысушының тегі, аты, әкесінің аты | |
3 | Оқу орнының немесе ұйымның толық атауы (қысқартусыз) | |
4 | Жас, сынып | |
5 | Ұялы телефон | |
6 | Сертификаттар мен алғыс хаттарды жіберу үшін E-mail |
Шығармашылық байқаудың жеңімпаздарын марапаттау
Байқау қорытындысы бойынша комиссия жеңімпаздарды анықтайды (I, II, III орын). Жұмыстар жас санаттары бойынша бағаланады. Байқау комиссиясы байқау материалдарын қарау мерзімдерін өзгерту құқығын өзіне қалдырады.
Жеңімпаздар қатарына кірмеген қатысушылар қатысқаны үшін сертификат алады. Жетекшілер (тәлімгерлер) алғыс хаттар алады. Қол қойылған және мөр басылған құжат электронды түрде жіберіледі!
Мекен-жайы: Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы Семипалатинская көшесі 9, |
E-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. Жұмыс тәртібі: дс-жм 08:00-17:00 Телефоны:8 (723) 364-0927 |
Сәттілік және байқауға табысты қатысуға тілектеспіз!
Құрметпен, "Ғылым, мониторинг, экологиялық ағарту және туризм" бөлімі