Жыл сайынғы "ШЫРШАНЫ ҚОРҒАЙМЫЗ ЖӘНЕ САҚТАЙМЫЗ!» акциясы аясында парақшалар мен коллаждардың шығармашылық байқауы жарияланады
Байқауды өткізудің мақсаты – ақпараттық-көрнекі үгіт арқылы жаңа жыл қарсаңында шыршаларды кесу мәселесіне халықтың назарын аудару.
Байқауды өткізу тәртібі: байқауды өткізу үлгісі – көзбе-көз. Жұмыстарды ғылым, мониторинг, экологиялық ағарту және туризм бөліміне ұсыну қажет.
Байқау алаңы: "Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы" РММ табиғат мұражайы
Қатысушыларға қойылатын талаптар: Байқауға мектеп жасына дейінгі балалар, оқушылар, студенттер және барлық тілек білдірушілер қатыса алады.
Байқауды өткізу мерзімі мен тәртібі:
Өтінімдер мен материалдарды қабылдау 27.12.2021 ж. дейін (қоса алғанда)
Бағалау кезеңі 05.01-13.01.2022 ж.
Марапаттау 14.01.2022 ж. (естелік сыйлықтар мен мақтау қағаздар)
Жұмысқа қойылатын талаптар:
- Жұмыстарды қатысушылар өз бетінше орындайды. Жұмыс қатысушылардың жасына сәйкес келуі керек, ересектер көмекші, тәлімгер бола алады;
- Шығармашылық жұмыстарда байқаудың негізгі тақырыбын көрсету қажет- мәселелерді атап өту және қылқан жапырақты ағаштарды сақтаудың жолдарын табу.
- Байқауға түскен жұмыстар қайтарылмайды. Байқауға ұсынылған барлық материалдарды қорық авторға сілтеме жасай отырып пайдалана алады.
а. Үнпарақтар (үндеухат) – бұл ашық қанық түстермен жасалған, жарнамалық, кішкентай ақпараттық парақшалар, олар тез және жалпы ақпаратты таратудың бір тәсілі.
Байқауға қатысуға жұмыстар қабылданады:
- А-4 форматында қолдан және компьютерлік бағдарламаларда орындалған;
- мемлекеттік және орыс тілдерінде;
- маңызды шарт: парақшаларда табиғатты қорғауға шақыру ақпараты болу керек.
б. Коллаждар – бұл қағаз, газет, фотосуреттер, таспалар, табиғи материалдар сияқты және т. б. көптеген материалдардан тұратын өнер туындысы.
Байқауға қатысуға жұмыстар қабылданады:
-түрлі-түсті немесе ақ-қара орындаудағы А1, А3 форматындағы қағазда;
- мемлекеттік және орыс тілдерінде;
- маңызды шарт: коллаждар табиғатты қорғауға шақыратын ақпаратты алып жүруі керек.
Байқау жұмыстарын бағалау критерийлері
- Шығармашылық идеяның өзіндік ерекшелігі
- Жұмыстың байқау тақырыбына сәйкестігі
- Автордың қиялының байлығы мен шығармашылық көзқарасы
- Көркемдік бейненің тұтастығы
- Стандартты емес орындау техникаларын және көркем материалдарды қолдану
- Тақырыптың өзектілігі мен тереңдігі
- Жұмыстың автордың жасына қатынасы (жас санаттары: 3 жастан 6 жасқа дейін;
- 7 жастан 11 жасқа дейін; 12 жастан 18 жасқа дейін; 19 жастан жоғары).
- Жұмыстың рәсімдеу талаптарына сәйкес келуі.
Байқауға өткізу қажет:
1.Өтінім
2.Шығармашылық жұмыс
Өтінім нысаны
ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМ
1 | Үнпарақтар (үндеухат) немесе коллаждар | |
2 | Қатысушының тегі, аты, әкесінің аты | |
3 | Оқу орнының немесе ұйымның толық атауы (қысқартусыз) | |
4 | Жас, сынып | |
5 | Ұялы телефон | |
6 | Сертификаттар мен алғыс хаттарды жіберу үшін E-mail |
Шығармашылық байқаудың жеңімпаздарын марапаттау
Байқау қорытындысы бойынша комиссия жеңімпаздарды анықтайды (I, II, III орын). Жұмыстар жас санаттары бойынша бағаланады. Байқау комиссиясы байқау материалдарын қарау мерзімдерін өзгерту құқығын өзіне қалдырады.
Жеңімпаздар қатарына кірмеген қатысушылар қатысқаны үшін сертификат алады. Жетекшілер (тәлімгерлер) алғыс хаттар алады. Қол қойылған және мөр басылған құжат электронды түрде жіберіледі!
Мекен-жайы: Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласыСемипалатинская көшесі 9, |
E-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. Жұмыс тәртібі: дс-жм 08:00-17:00 Телефоны:8 (723) 364-0927 |
Сәттілік және байқауға табысты қатысуға тілектеспіз!
Құрметпен, "Ғылым, мониторинг, экологиялық ағарту және туризм" бөлімі