Жыл сайынғы "ШЫРШАНЫ ҚОРҒАЙМЫЗ ЖӘНЕ САҚТАЙМЫЗ!» акциясы аясында жаңа жылдық шыршаларды қорғау туралы шығармашылық вокалдық онлайн- байқау жарияланады
Байқаудың мақсаты –халықтың назарын тірі шыршаны кесуден қорғауға және сақтауға аудару. Кез келген жанрда қазақ немесе орыс тілдерінде орындалған ән арқылы экологиялық сана деңгейін арттыру.
Өткізу тәртібі: байқауды өткізу форматы - сырттай (қашықтықтан). Конкурсқа барлық материалдар электронды түрде электронды поштаға жіберіледі Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Байқау алаңы: - «Инстаграм», «Одноклассники», «Фейсбук», «ВКонтакте» әлеуметтік желілері, Риддер қалалық порталы, www. zagpz.kz сайты.
Байқауға әуесқойлар мен кәсіпқойлар, музыкамен өмір сүретіндердің барлығы қатыса алады.
Байқауды өткізу мерзімдері мен тәртібі:
Өтінімдер мен материалдарды қабылдау 27.12.2021 ж. дейін (қоса алғанда)
Бағалау кезеңі 05.01-13.01.2022 ж.
Марапаттау 14.01.2022 ж. (естелік сыйлықтар мен мақтау қағаздар)
Жұмысқа қойылатын талаптар:
- Жұмыстарды қатысушылар өз бетінше орындайды. Жұмыс қатысушылардың жасына сәйкес келуі керек, ересектер көмекші, тәлімгер бола алады;
- Шығармашылық жұмыстарда байқаудың негізгі тақырыбын көрсету қажет - халықтың назарын ән арқылы тірі шыршаны кесуден қорғауға және сақтауға аудару;
Шығармалар екі номинация бойынша көрсетілуі мүмкін
а. Жанды орындау – ән тірі орындалады. Бұл үйдегі бейне немесе концерттік қойылым, немесе минус 1 фонограммасымен, немесе өзінің сүйемелдеуімен немесе концертмейстердің сүйемелдеуімен болуы мүмкін.
б. Бейне нұсқасы – ән көркем безендіруде клип түрінде ұсынылған. Студиялық дыбыстық безендіруге рұқсат етіледі.
Байқау жұмыстарын бағалау критерийлері
- Музыкалылық, әртістік, образды көркем баян ету
- Жұмыстың байқау тақырыбына сәйкестігі
- Көркемдік бейненің тұтастығы
- Сахналық мәдениет
- Тақырыптың өзектілігі мен тереңдігі
- Репертуардың орындаушының жас және жеке мүмкіндіктеріне сәйкестігі
Байқауға өткізу қажет:
- Өтінім
- Шығармашылық жұмыс
Өтінім нысаны
ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМ
1 | "Жанды орындау" немесе "Бейне нұсқасы" номинациясының атауы | |
2 | Қатысушының тегі, аты, әкесінің аты | |
3 | Оқу орнының немесе ұйымның толық атауы (қысқартусыз) | |
4 | Жас, сынып | |
5 | Ұялы телефон | |
6 | Сертификаттар мен алғыс хаттарды жіберу үшін E-mail |
Шығармашылық байқаудың жеңімпаздарын марапаттау
Байқау қорытындысы бойынша комиссия лауреаттарды анықтайды (I, II, III орын). Байқау комиссиясы байқау материалдарын қарау мерзімдерін өзгерту құқығын өзіне қалдырады.
Жеңімпаздар қатарына кірмеген қатысушылар қатысқаны үшін сертификат алады. Жетекшілер (тәлімгерлер) алғыс хаттар алады. Қол қойылған және мөр басылған құжат электронды түрде жіберіледі!
Мекен-жайы: Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы Семипалатинская көшесі 9, |
E-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. Жұмыс тәртібі: дс-жм 08:00-17:00 Телефоны:8 (723) 364-0927 |
Сәттілік және байқауға табысты қатысуға тілектеспіз!
Құрметпен, "Ғылым, мониторинг, экологиялық ағарту және туризм" бөлімі