Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауында «бес жыл көлемінде Қазақстан ормандарында екі миллиардтан және жергілікті мекендерде 15 миллионнан астам ағаштарды отырғызу бойынша» тапсырмасын орындау мақсатында «Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ қызметкерлері көктемгі-жазғы отырғызуларға, көркейту мен клумбаларды көгалдандыруға  қатысқан болатын.  2021 жылдың 3 қарашасында «Таза табиғат» экологиялық акциясы бағдарламасының шеңберінде бір топ еріктілермен, «Бумеранг» қоғамдық бірлестігінің мүшелерімен және «БАМТҚ» РММ мамандарымен Риддер қаласында отырғызылған жасыл талдарды зерттеу-тексеру бойынша рейд жасалды.

Риддер қаласында қыс өз қаһарына ене бастады, сондықтан тексеру кезінде қардан сынған бұтақтар, ағашты-бұталы тұқымдастардың тоғайлар анықталды. Бұталардың бөлігі және бір ағаш кесіліп алынып, қоқысқа тасталынды.