29 қыркүйек күні сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығының мұражайында туризм күніне арналған ашық есік күні өтеді.

Қорық әкімшілігі Риддер қаласының барлық тұрғындарын және қала қонақтарын мұражайға келіп, осы ерекше қорғалатын табиғи аумақтың көрікті жерлерімен және экологиялық туристтік бағыттарымен танысуға шақырады.

Туған жердің табиғатын сүйетін және оған немқұрайлы қарамайтындардың барлығын Семипалатинская 9 көшесінде орналасқан біздің мұражайға келуін күтеміз.

Табиғат мұражайы сағат 8.00-17.00 аралығында жұмыс жасайды. Кіру тегін.