2021 жылы 10 қыркүйекте «Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ табиғи кешендер мен нысандарды күзету бөлімінің орман шебері Биахметов А.Б., және Риддер қаласы бойынша табиғат қорғау полиция қызметкері Д.О.Есембаевпен бірлесе отырып  ҚР табиғат қорғау заңдамалары бойынша тәртіп тәртіп бұзушылық фактілерін анықтау және қаскөйлікпен күрес жоспары бойынша бірлескен рейдтік шаралар жүргізді. Рейдтік шара «Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ-нің күзету аймағы, «Ақ Оба», «Палевская Яма» аймақтарында  жүргізілді. Тексеру  нәтижесінде табиғат қорғау заңнамасын бұзушылық тіркелмеді, бөгде адамдар қорық аумағында анықталған жоқ.