Сұр суырды Алтай суыры деп те атайды және ол суырлар тұқымдасына және тиындар жануясына жатады. Суырдың денесінің ұзындығы - 65 см-ге, құйрығы - 13 см-ге дейін жетеді. Ал салмағы 2,5-3 кг-нан 8 кг-ға дейінгі аралықта болады.

Суырлардың табиғи мекендейтін жері батыс сібір орманды даласының құрғақ беткейлері мен өзен аңғарларынан бастап Қазақстан тауларының аласа тауларынан биік тауларына дейін созылады. Шөлді аласа таулы дала - сұр суырлардың тіршілік етуі үшін ең жақсы орта болып табылады.

Жануардың әдетте семіз көрінісіне қарамастан, суырлар өте икемді және жылдам. Омыртқа мен бас сүйегінің ерекше құрылымына байланысты олар тастар арасындағы өте тар саңылаулар арқылы өте алады. Суырлар отбасылық өмір салтын ұстанып, індерде паналайды.

Жылдың суық мезгілде суырлар ұйқыға кетеді. Ұйқы жағдайында олар тіршілік ететін аумаққа және ауа райына  байланысты 6-8 ай болады. Олар  өсімдіктердің жапырақтарымен, гүлдерімен, жалпы негізінен өсімдік тағамдарымен қоректенеді, бірақ кейде жәндіктерді де жейді.

Сұр суырларды өздерінің мекендейтін жерлерінде кездестіруге болады. Олар қорықса да, қызықтап бақылағанды жақсы көреді. Қауіп төнетінін байқаса қатты шу көтереді. Бір суырдың кенеттен ініне бет алған көріністі көрген төңірегіндегілері тым-тырақай індеріне жасырынады.

Адамдар суырлардың етін,емдік майын және терісін алу мақсатындағы аңшылықтың себебінен соңғы ғасырларда олардың популяциясы санының азайғанын байқаймыз. Сол үшін суырларды аулауға көптеген аймақтарда тыйым салынды. Өкініштісі оларды мүлдем жойып жіберген жерлер де бар (Дағыстан). Ал Қазақстан мен Орта Азияда әлі күнге дейін кәсіпшілік аң аулау жүргізілуде. Сұр суырдың таралу аймағы біртіндеп азайып келеді.

Батыс-Алтай қорығының үлкен таулы кеңістіктерінде, альпілік шалғындарда сұр суырдың мекендейтін жерлерінің бірі.  Ең бастысы - адамның мазасыздығының болмауы бұл керемет жануарларды біздің аймағымызда еркін сезінуге мүмкіндік береді.

 

Материалды НМЭПиТ бөлімінің экскурсия жетекшісі

Д. О. Матков дайындады.

Фото авторы А.А. Клименко