Қылқанның берік діңімен жоғары жаққа ұзын мұртшасы бар қара қоңыз шығып барады. Арқасы қатпарлы және қатты қара қанаттарының астында көрінбейтін үлпек түктері бар. Қанаттарында дақтары сұр түсті, олар табиғатты бейнелеп жатқан епсіз суретшінің қылқаламынан түскен бүркін тамшылары сияқты. Бұл - сүген қоңызы, оның кішкентай личинкалары шыршалы сүректің бойымен лабиринт салып, кеміріп шығады.

Қара қараған сүгені (Monochamus sutor) – отынкескіш қоңыздар (ағылш. Cerambycidae) - қаттықанаттылар отрядына жататын қоңыздар.

Қара сұр дақтары бар қара ұзын денесінің мөлшері екі сантиметрден аспайды.Жыныстық диморфизм аз көрінеді, негізінен айырмашылықтары мүшелі мұртшаларында. Аналықтардың мұртшалары қоңыздың денесінен 1,5 есе, аталықтарыныкы 2,5 есе ұзын. Личинкалары ақ, аяғы жоқ. Қоңыздың дамуы екі жылдан үш жылға дейін созылады.

Тіршілік ету ортасы Еуропа мен Азияның қоңыржай аймағын қамтиды. Бореалды-альпілік түр. Орман зиянкестерінің бірі болып табылады. Жәндіктер адамдар үшін қауіпті емес.

Осы сүген қоңыздары жайлы бірнеше аңыздар бар көрінеді. Оңтүстік Америка тайпаларының аңызы бойынша осы қоңыздың бір түрі суды ұстап тұрған қалың ағаштардың тығыз қопаларын жойып, адамдарға су алуға көмектескен екен. Қоңыздардың личинкалары соңғы ағашқа жайылған кезде, су ағып, ұлы Амазонка өзенінің арнасын құрады. Көптеген адамдар кейбір жәндіктердің әсіресе сүген қоңыздары сиқырлы күштерге ие болып көрінетін біртүрлі дене пішіні мен әдеттеріне ие болып көрінді.