Сушылқара немесе кәдімгі сушылқара (лат. Cinclus cinclus) —  торғайтәрізділер отрядынан шыққан құс.

 

Құстың көлемі қараторғайдай болады, аталығының көлемі  20 см құрайды, ал аналығы-18 см болады. Салмағы 50 гр. шамасында, бірақ салмағы  90 гр. кездеседі.  Құрылымының бір ерекшелігі-тұмсықтың түбінде терінің қалыңдатылуының болмауы. Оның суланбайтын, қалың, қара қоңыр түсті қауырсыны бар, алдыңғы жағы ашық ақ түсті болып келген. Ол сулы жәндіктер мен шаян тәрізділермен, кейде таяз суда, тастар мен су астында жиналатын ұсақ балықтармен қоректенеді.

 

Сушылқара торғайтәрізділер немесе ән салатын құстардың ішіндегі сүңги алатын жалғыз өзі. Бірақ ол сүңгіп қана қоймай, су түбінде жүгіре алады өзіне қорек іздей. Судың астында 30 секундқа шейін, бір жарым метр болатын тереңдікте жүре  алады.  Бір сүңгіген кезде сушылқара су түбімен  10-20 метрге шейін жүгіріп өте алады. Құстың бір ерекшелігі мұзды суға сүңги алуы, осыдан құсты сүңгуір деп атайды.   Құс -40 С температурада сүңгіп, судың түбінде қоректеніп, қайта жердің бетіне шығады. Сушылқараны жиі су сайрағы немесе су торғайы деп атайды, ұқсастығына байланысты және оның суға деген сүйіспеншілігіне бола. Ұяларын суға жақын маңда салады, жаға жанындағы тастар арасында немесе мүк пен шөп сабақтарынан жасалынған індерге салады. Бұл құстар жалғыздан өмір сүреді, аумақты жұппен ұстайды. Жұбайлар бір- бірімен жиі көрісіп тұрады, бірақ жеке өмір сүреді. Жұмыртқаларын тек аналығы ғана басады, ал балапандарды 20-25 күндей екі ата-анасы да тамақтандырады. Жылына екі кейде үш балапан өсіп үлгереді.

 

Сушылқараның ерекше өмірі көптеген орнитолог- ғалымдарды қызықтырып отыр. Ғалымдардың назарына олардың жұмыртқаны басу кезі мен сол кезде ұяларын мүлдеп тастап кетпеуі  түсіп отыр.

 

Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығында сушылқара қарапайым, бірақ көп емес түрлер болып табылады, қыста ол Ивановский, Линейский, Көксе, Холзун және Үлбі жоталарының жанындағы өзендерде, Ақ,Қара Оба, Үлкен және Кіші Тұрғұсын, Громатуха бассейндерінде және  таулы салалар бойымен ұя салады.

 

Бұл құстың таралу аймағының азаюына жол бермеу үшін бірқатар қажетті және күрделі емес ережелерді сақтау қажет. Өзен бойында орналасуы мүмкін ұяларға мұқият болыңыз. Сушылқара  жұмыртқалары мен ұрпақтарының жойылуына жол бермеңіз.

 

Достар, табиғатты қорғаңыздар, оған ризашылықпен қараңыздар!

 

Материалды дайындаған

 ҒМЭАжТ  бөлімінің маманы Завьялова И. Н.

Фото авторы Клименко А. А