Батыс- Алтай қорығының табиғи кешендерінің шөптесін өсімдіктері түрлердің бай алуантүрлілігімен  ұсынылады. Флоралық байлығы мен қанықтығы бойынша қорық Қазақстанның қорықтары арасында алдыңғы орынды алады. Тамырлы өсімдіктердің флорасында 883 түр бар. Сирек кездесетін және ерекше қорғауды қажет ететін 97 түр, оның ішінде 27 түрі Қызыл Кітапқа енгізілген.

 

Риддер өңірінде өте қызықты, жұмбақ және көпжылдық шөптесін өсімдік өседі, Сарғалдақ тұқымдасынан- ашылған құндызшөп (Pulsatílla pаtens), халықтың тілінде – ұйқы- шөп немесе ашылған желайдар. Қорықта тасты құламаларда, таулы шалғайларда өседі.

 

Орманда әлі соңғы қыстың қары жатқанда, қары еріген жер- жерлерде ерекше алғашқы наурызгүлдер шыға бастайды, олар өте кішкентай қызғалдақтарға ұқсас, ашық күлгін түсті, ортасы сары, сабағы және жапырақтары  үлпілдек болып келеді. Кейде гүлдер ашық көк түсті, сарғыш немесе бозғылт- ақ түсті болып келеді.

 

Өсімдіктің биіктігі 7-15 см. Сабақтары түзу, қалың және жұмсақ түкшелермен қапталған. Сәуір- мамыр айларында гүлдейді. Жаңадан шыққан шөпте протоанемонин, құрғақта-  бициклді лактан (анемонин), сапонин бар, сондықтан дымқыл, жаңадан жұлынған күйінде өсімдік улы болады.  

 

Қорық мамандарының міндеті күзетілетін аумақтағы және жақын маңдағы барлық сирек кездесетін өсімдіктердің таралымының таралуын, қазіргі жағдайын зерттеу және мониторингін ұйымдастыру.  Батыс- Алтай қорығы сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлердің тектік қорын сақтауда маңызды рөл атқарады.

 

Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 339-бабына сәйкес гүлді өсімдіктерді заңсыз алу, сату, әкету, әкелу немесе жою үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған - 3 мың АЕК (8 751 000 теңге) дейін айыппұл, немесе 800 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстарға қатысу немесе 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу. Сондай-ақ, Қазақстанның Қызыл кітабына енген әрбір гүлденген өсімдік үшін келтірілген зиянды өтеу мөлшері 0,5 АЕК , бұл 1458,5 теңгені құрайды.

 

Материалды дайындаған ҒМЭАжТ бөлімінің маманы  Т.В. Эктова

Фото авторы Н.В. Премина