Бірқазан  (лат. Pelecanus) Қазақстанда 2021 жыл  құсына  айналды. Ол  2020 жылы осы атаққа ие болған сұңқар-ителгінің  құрметті орнын " ауыстырды". Қазақстан Республикасының  орнитологтары осы  құстарды  сақтау  бойынша жұмысты  жандандыруды  жоспарлап  отыр.

 

Бірқазандар -  бірқазандылар отрядының бірқазандар тұқымдасынан шыққан жалғыз құстардың тұқымы. Қазақстанда сегіз түрдің екі түрі бар: бұйра және қызғылт. Екеуі де республиканың Қызыл кітабына енгізілген. Біздің еліміздегі әр түрдің саны шамамен 1600-3000 жұпты құрайды.

 

Олар Оңтүстік елдерден жылы мезгілде – Наурыздан қазанға дейін қоныс аударады. Мұнда олар балапандарын өсіреді. Жылы мезгілде мыңдаған ұяларды өзендердің атырауларында және жайылмалы көлдерде көруге болады.  Бірқазандар үшін орын мұқият таңдалады. Бірақ жыл өткен сайын, олардың  ыңғайлы мекендейтін  жерлері жағдайы нашарлауда. Сондықтан орнитологтар осы құстарға назар аударуды ұйғарды. Негізгі су қоймаларының күзет режимін қамтамасыз ету, браконьерлікпен күресу және балық аулауды реттеу тек бірқазандарға ғана емес, сонымен қатар құстардың басқа түрлеріне де көмектеседі. Бірқазанның ұя салатын жерлері  Қазақстанның  көптеген  аудандарында орналасқан.

 

Бірқазандар- өз отрядтарының ішіндегі  ең үлкен құстар: денесінің ұзындығы 130-180 см, салмағы 7-14 кг. Олар негізінен балықпен қоректенеді, басын суға батырады және бетіне көтерілген балықты тұмсықпен алады. Балықты аулағаннан кейін, тұмсық арқылы бірқазан тамақ қабынан суды сүзе  (5 литрге дейін) ағызып, олжасын жұтады.

 

Бірқазан балапандары соқыр және жалаңаш болып шығады.  Балапандардың өлімі өте жоғары: жыртқыштардан, аштықтан және ауа-райынан балапандардың жартысынан көбі өледі.

 

Сондықтан орнитологтар "Бірқазан жылы" негізгі учаскелерді бөлу және олардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша жұмысты жандандыруды жоспарлап отыр. Қазақстанның су айдындарындағы сирек кездесетін және ерекше бірқазандарды біз де-барша адамзат қорғайтын боламыз!

 

Материалды дайындаған ҒМЭАжТ бөлімінің маманы  Т.В.Эктова