Барнауыл қаласындағы фотобайқау.
Барнауыл қаласында 2020 жылдың желтоқсан – 2021 жылдың қаңтар айларында Алтайдың әдебиет, өнер және мәдениет тарихы Мемлекеттік мұражайында "Алтайдың тірі табиғаты" Х Халықаралық фотосуреттер байқауының үздік жұмыстарының көрмесі өтті. Байқауға Ресей мен алыс шетелдерден 166 автор қатысты. 9 конкурстық номинацияда 1000 жұмыс жіберілді, оның ішінде 877-сі техникалық талаптарға сәйкес келіп, іріктеуге қатысты. Көрмеге 34 автордың 52 жұмысы қойылған.
Дәстүр бойынша "Алтайдың тірі табиғаты" көрмесімен қатар Ресей мен Қазақстанның Алтай таулы елінің қорықтары мен ұлттық парктерінің қызықты объектілеріне арналған "Алтайдың қорықтары мен ұлттық парктері" конкурстан тыс фотокөрмесі келушілердің назарына ұсынылды.
Біздің жерлесіміз, Риддер қаласының тұрғыны-фотограф Александр Клименко "Жануарлар" номинациясында 1 орын алды - Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында тіркелген «Трутся об ось медведи» фотосы үшін.
Біздің риддерлік жерлестеріміздің осындай ауқымды іс-шараларға қатысып жатқаны өте қуанышты. Александрды жеңісімен құттықтаймыз және оған болашақта шығармашылық табыс тілейміз!
«Батыс- Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ
ҒМЭАжТ бөлімінің маманы Т.Эктова