Қызылқұнақ - мұңды өлеңдері бар көңілді құс.

 

Қызылқұнақ (Pinicola enucleator) –құнақтектестер тұқымдас құс (Fringillidae) және Батыс-Алтай қорығының тайга жерлерінің тұрғыны. Аумақта бұл түрі аз және қыстап қалатын құс. Жыл сайынғы маусымдық ұя салу үшін Линейский, Ивановский және Холзун жоталарын ұнатады. Негізінен балқарағай мен самырсын шыршасы қорғалған ормандарда мекендейді.

 

Оның ұзындығы шамамен жиырма бес сантиметр болатын қараторғайдай, қалың қысқа тұмсығы және ұзартылған құйрығы бар. Аталықтарында бастары, арқа және кеуделері қызылға өзгереді, қанаттары мен құйрықтары сұр-қоңырға дейін өзгереді. Аналықтарында басы мен денесі қара сары немесе сарғыш болады. Айтпақшы, ағаш бұтақтарындағы шыныаяқ тәрізді ұялар, аналықтар бұл мәселені аталықтарға сенбестен жалғыз жасайды. Олар дәндермен, бүршіктермен, қылқан жапырақтардың жас бұтағымен, қаражидектермен сондай-ақ, шетендермен және т.б. қоректенеді. Осы бір таңғажайып құс суық пен үскіріктің хабаршысы деп саналады, сондықтан оның үсіңкіреген шәңгішті жеп жатқан кезін байқауға болады.  

 

Қызылқұнақтың әні сырнайдын әуеніне ұқсас. Ұя салар алдында бұл құстардың әні драмалық шығарма сияқты, бірақ соған қарамастан қызылқұнақтар сергек көрінеді. Көкқұйрық бұлбұл секілді бұл құс туралы әдемі аңыз бар, аңыз бойынша қызылқұнақтың нағыз әні  тек бір рет қана орындалады екен, осы құстың әнін естіген адам өмір бойы бақытты болады.

 

Қысқа уақыт ішінде қолға үйренсе, торда өмір сүре алады, бірақ табиғатта, табиғи ортада құс өзін әлдеқайда жақсы сезінеді.