Оқ–жаттығу Шаравка шатқалында өтті. Іс- шараның мақсаты –мемлекеттік инспекторлардың қарумен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасын сақтау, кәсіби машықтарын жетілдіру. Ату жаттығулары вахталық әдіспен жұмыс жасайтын инспекторлар үшін екі кезеңмен өтеді. Атыс кураторлары «БАМТҚ» РММ директорының орынбасары Г.Н.Наговицын мен табиғи кешендер мен нысандарды күзету қызметі бөлімінің бастығы С.М.Баянбаев болды. Бастапқыда барлық қатысушылар сапқа тұрғызылып, қарумен байланысты қауіпсіздік техникасы бойынша толық нұсқаулық жүргізілді. Шараның қорытындысы бойынша мемлекеттік инспекторлар үлкен тәжірибе алып, тағы да қару- жарақпен жұмыс істеу дағдыларын пысықтады.
https://zagpz.kz/kz/zhanaly-tar/576-batys-altaj-memlekettik-tabi-i-ory-ynda-14-zhelto-sanda-zhosparlan-an-o-u-zhatty-u-atystary-tkizildi.html#sigFreeId3f02fb6ffd