Бұл бағалы өсімдіктің атауы грек тілінің екі сөзінен құралған, drakon және kephalos- жылан және бас дегенді білдіреді, тауқалақай тұқымдасына жатады. Жыланбастың қырықтан астам түрі бар. Жыланбас бірегей көпжылдық өсімдік, ұзындығы 80 см болатын тік өсетін тармақты сабағы мен жіңішке тамыры бар. Жыланбас араларды тарта шілде- тамыз айларында гүлдейді. Ел арасында жыланбасты –аюбалдырған, көкеністі жыланбас, түрік жаужапырағы, тіпті айдаһарбас деп те атайды екен. Ежелгі гректер бұл пішіні жағынан қайталанбас табиғат сыйын Дракоцефалум деп атаған. Есте сақтап қалатын түрімен қоса, оның иісі мен дәмі де ерекше. Бірақ оның құндылығы тек хош иісінде ғана емес. Сонымен оның ерекшелігі неде?
Ертеректе жыланбас тибет және үнді медицинасында тыныштандыратын,бырыстыратын, тырысуға қарсы әсері бар және қуаттық дәрі ретінде қолданылған. Невральгияда, жиірек жүрек қағысында, бас ауруында, тіс ауруында, сонымен қатар суық тию кездерінде пайдаланады. Микроэлементтердің негізгі массасы өсімдіктің тамыр сабағында, ал дәрумендер мен эфир майлары- жасыл бөліктерінде және гүлшанағында бар.
Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығында жыланбастың бес түрі өседі- сақалсыз жыланбас, іріжапырақты, түсіңкі, басқа жерлік және Рюйша.
Қорықта өсімдік ашық ормандарда, шалғындарда, бұталар арасында өседі. Жыланбасты «Заповедные дали» бағытында көбірек кездесіруге болады. Әрқашан шашыраңқырап өседі, биік өсетін өсімдіктердің қалың өсу шамасына қарай саны азайып барады.
Материалды дайындаған: ғылым, мониторинг, экологиялық ағарту және туризм бөлімінің маманы- И.Н. Завьялова.
Фотода іріжапырақты жыланбас көрсетілген.Фото автордікі.
https://zagpz.kz/kz/zhanaly-tar/566-d-rilik-simdik-zhylanbas-zhalbyz.html#sigFreeId37e0222eef