2020 жылдың 29 мамырында «Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ-де БАМТҚ аумағына іс-сапар алдында инспекторлық құрам мен өрт сөндіру күзетшілерінің оқуы жүргізілді. Жалпы сұрақтар бойынша директордың орынбасары Г.Н. Наговицын өткізді, ҒМЭАжТ бөлімінің аға ғылыми қызметкері Н.В. Премина фенологиялық бақылауларды жүргізуді үйретті.
Жиналыстың басында «Үлбі» бекетінің шекаралық бөлім бастығы, аға лейтенант Е.У. Мырзан сөйлеп кетті, ол инспекторларды шекара маңындағы аумаққа кіру ережелерімен таныстырып, шекара Ресей Федерациясы мен Қазақстан жағынан күзетілетініне назар аудару керек екенін ескертті. Шекара бекеті Поперечное ауылы елді мекенінің жанында орналасқан.
Құрметті Қазақстандықтар және Қазақстан Республикасының қонақтары Сіздердің естеріңізге мынаны салғымыз келеді, қорық аумағына рұқсат беретін құжаттарсыз (рұқсаттама және бағыттық парақша) кіруге тыйым салынған!