Біз сіздерге «Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ жұмысының жаңартылғандығы туралы хабарлаймыз.

 

Сіз табиғат мұражайына тегін келе аласыз (мекен-жайы: Семипалатинская көшесі,9- ХҚКО-на қарама- қарсы) сағат 8.00-17.00 дейін, сенбі,жексенбі күндерінен басқа. Түскі үзіліс 12.00-ден 13.00-ге дейін. Анықтама телефоны 4-09-27.

 

Осымен бірге, 2020 жылдың 25 мамырынан бастап  «Заповедные дали» бағыты ашылады.

 

Бағыттық парақшаларды рәсімдеу үшін ғылым, мониторинг, экологиялық ағарту  және туризм бөліміне келесі құжаттар қажет:

 

-топ қатысушыларының жеке басының куәліктері (балалар үшін- туу туралы куәлік, шетелдіктер үшін-  шетелдік төлқұжаты);

 

- «ШҚО бойынша мем.кірістер департаментінің Риддер қаласы бойынша мемкірістер басқармасы» РММ-не мемлекеттік баж салығын төлеу туралы түбіртек

 

Төлем мөлшері 0,1 АЕК (2020 жылы 278 тг) бір адамнан бір күнге  ерекше қорғалатын табиғи аумақта тәулігіне бір адамның болуы. Топпен шыққан жағдайда- мем.баж салығын бір түбіртекпен Қазпошта бөлімінде БСК 105313 шотына «ШҚО бойынша мем.кірістер департаментінің Риддер қаласы бойынша мемкірістер басқармасы» РММ   БСН 980340001050 немесе кез келген банкте (бүкіл топқа бір түбіртек);

 

- Техпаспорт, жүргізуші куәлігі, өтініш (егер өз көлігіңізбен барсаңыз);

 

- Қосымша қызметтерге төлем түбіртегі (соқпақты пайдалану, гид-экскурсия жетекшісі/инспектор)- қорық бухгалтериясында төленеді

 

- Оқу орнынан бұйрық;

 

Бұған қоса, ҚОРЫҚ ҚЫЗМЕТІН төлеу қажет:

 

Ересек адамнан: 2500 тг.  1 тәулікке 1 адамдан(экскурсия жетекшісі- 1000 тг. және соқпақты пайдалану- 1500 тг.)

 

Оқушыдан: 1250 тг.  1 тәулікке 1 адамнан (-50 % жеңілдік осы қызметтерге)

 

- Көлік (қажет болғанда) топтан: 41 700 тг. УРАЛ вахтовка (28 орын),

 

16 000 тг. УАЗ таблетка (7 орын), 12 200 тг. УАЗ (3 орын).

 

Бағасы: - туристтік үйде  қону бір адамнан 2500 теңге тәуілігіне;

 

- Монша 1800 теңге бір адамнан/сағатына;

 

- Шатырды жалдау- 500 теңге бір адамнан/тәуілігіне;

 

- Жылқылар- сағаты 500 теңге.

 

Жоғарыда көрсетілген  құжаттарды ұсынған соң Сіз бағыттық парағын, қорық аумағына шығуға рұқсаттама аласыз. Белгіленген уақытта  «Батыс- Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ-нің әкімшілік ғимаратына келесіз табиғат мұражайын көру үшін және соқпақтарға саяхаттауға шығасыз.

 

Қорық аумағында болғанда өзіңізбен бірге мыналар болсын:

  1. Жеке куәлік (туу туралы куәлік, шетелдік төлқұжат)
  2. Көлікке рұқсаттама (алдын- ала рәсімделген- өтініш жазылады, техпаспорт, жүргізуші куәлігі ұсынылады)
  3. Бағыттық парақ
  4. Жылы киімдер (баскиім, сулық, етік, ыңғайлы аяқ киім, иыққап)
  5. Құрғақ азық, кенеден, шіркей және масадан қорғайтын құралдар

 

Саяхаттау кезінде Сіздер қорықтың эталонды көрікті жерлерін көресіздер. Қорықтың табиғат мұражайына және «Заповедные дали» бағытына  барлықтарыңызды шақырамыз!