Өсімдіктің әдебиетті атауы: қызғылт семізот, халықтық атаулары: Алтай адамтамыр, адамшөп, Алтын тамыр. Семізот жасаңшөптер тұқымдасына жатады, көпжылдық, шөпті өсімдік, биіктігі 50 см жетеді.

Өзінің пайдалы емдік қасиеттерінің арқасында емдік өсімдіктерге жатады. Дәрілік өсімдік Алтын тамыр Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығының тауларында таралған, теңіз деңгейінен 1500-3000 м биіктікте. Өсімдік кейбір жайлы жерлерде қопалар түзеді. Семізот өсімдігі тұрақты ылғалды ағынды суды талап етеді, суыққа төзімді, күнді талап етпейді. Түрдің лимиттеуші фркторы ретінде қажетті сыртқы жағдайлары бар орынның аз болуы болып тұр, сонымен қатар жергілікті тұрғындармен дәрілік шикізат ретінде дайындауда бақылаудың болмауы. Бұл дәрілік өсімдікті Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген. Барлық санаттағы жерлерде Қызыл Кітапқа енген өсімдіктерді заңсыз алғаны, дайындағаны, залал келтірген немесе жойғаны үшін , жеке және заңды тұлғаларға айыппұл салынады, әрбір шөптесін өсімдік немесе саңырауқұлақты арнайы рұқсаттамасыз жинап алғаны үшін, мөлшеріне қарамастан. Айыппұл мөлшері 0,5 АЕК құрайды, ҚР ҚК 31.05.2007 ж №441 бекітілген. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда, сирек және жойылып кету қаупі бар, сонымен қатар пайдалануға рұқсат етілмеген өсімдік түрлеріне заңсыз әрекет еткені үшін қылмыстық жаза қолданады, ҚР ҚК 339 бабы бойынша, үштен жеті мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұлмен жазаланып, немесе сол мөлшерде түзету жұмыстары немесе үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылу, мүлігін тәркілеу, белгілі бір лауазымынан айыру құқығы немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейін айыру жазалары қарастырылған.