Қылтан боз- астық тұқымдасына жататын шөп түрі. Өсімдік өзінің түрдік эпитетін жұмсақ түкшелеріне бола алды, ол жүнге ұқсас, ұзын қылқаны сонымен жамылған.Биіктігі 90 см жетеді. Мамыр мен маусымда гүлдейді.

 

Қылқан боз климаттың орташа жолағына бейімделген, қыста жамылғыны керек етпейді. Бұрындары тың жерлерді айдаған кезде жойылатын, қазіргі уақытта Қазақтанның Қызыл Кітабына енген. Қазақстанның далаларында кеңінен таралған. Түр ареалы Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында қорғалады. Батыс-Алтай қорығында жекелей кішкене аралшықтармен кездеседі, орман далалы аймақтарда, жылы оңтүстік беткейлерде. Сонымен қатар қылтан бозды бақтарда сәндік өсімдіктер ретінде де өсіреді. Жабайы табиғатта мемлекет қорғауында. Күзетілетін аймақтарда популяция жағдайына бақылау жасау керек. Заңсыз алу, дайындау, өсімдікті зақымдау немесе жою барлық категориялардағы жерлерде Қызыл Кітапқа енгізілген өсімдіктерді, мейлі жеке және заңды тұлғалар болсын, әрбір шөпті өсімдік үшін немесе саңырауқұлақ үшін, арнайы рұқсаттамасыз алынғаны үшін айыппұл салынады. Залал келтіргені үшін айыппұл мөлшері 0,5 АЕК, ҚР ҚК №441 31.05.2007 жылы бекітілген. Жойылып кету қаупі бар және сирек кездесетін сонымен қатар пайдалануға рұқсат етілмеген өсімдіктер түріне ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда, ҚР ҚК 339 бабы бойынша қылмыстық жаза қолданылады және 3- 7000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салынады немесе сол мөлшерде түзету жұмыстары немесе үштен жеті жылға дейінгі бас бостандығынан айырылу жазасы, мүлікті толық тәркілеумен бірге, белгілі бір лауазымды немесе қызметпен айналыса алмау бес жылғы мерзімге шейін.