Халық арасында кеңінен белгілі торжуа немесе колбаның ғылыми атауы ұсақ торлы жуа. Аталған өсімдіктің биіктігі 70 см дейін жетеді, баданасы конусты- цилидрлі пішіндес, диаметрі бір жарым сантиметрге дейін. Жапырақтары тегіс, жылтыр немесе сопақша пішіндес, жалпақ, ұзындығы 10 нан 20 см дейін және ені 8 см дейін, ұзын кесіндіге (3-7 см) тарылады.

 

Торжуа Шығыс Қазақстанда Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы аумағында кездеседі, ылғалды ормандарда және шалғындарда өседі.

 

Жергілікті тұрғындар арасында үлкен қызығушылық тудырып отыр. Жас жапырақтары тамаққа пайдаланады, шикі түрінде жейді, түрлі тамаққа қосады, тұздау дайындалады.

 

Ұсақ торлы жуа алғашқы көктем өсімдігі, оны қыстан кейін тамаққа пайдаланатынадрдың алғашқысы, тіпті әлі пияз бен шалғам шыққан жоқ кезде. Әрине торжуа сіздің қалаңызда да өссе. Заңсыз алу, дайындау, өсімдікті зақымдау немесе жою барлық категориялардағы жерлерде Қызыл Кітапқа енгізілген өсімдіктерді, мейлі жеке және заңды тұлғалар болсын, әрбір шөпті өсімдік үшін немесе саңырауқұлақ үшін, арнайы рұқсаттамасыз алынғаны үшін айыппұл салынады. Залал келтіргені үшін айыппұл мөлшері 0,5 АЕК, ҚР ҚК №441 31.05.2007 жылы бекітілген. Жойылып кету қаупі бар және сирек кездесетін сонымен қатар пайдалануға рұқсат етілмеген өсімдіктер түріне ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда, ҚР ҚК 339 бабы бойынша қылмыстық жаза қолданылады және 3- 7000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салынады немесе сол мөлшерде түзету жұмыстары немесе үштен жеті жылға дейінгі бас бостандығынан айырылу жазасы, мүлікті толық тәркілеумен бірге, белгілі бір лауазымды немесе қызметпен айналыса алмау бес жылғы мерзімге шейін.