- Батыс- Алтай мемлекеттік табиғи қорығында осы бір сүйкімді кішкене аңды жиі кездестіруге немесе оған тән ысқырығын естуге болады.
- Білесіздер ме, ежелгі грек тілінен аударғанда «бортышқан» сөзі «шаруашылық меңгерушісі» деп аударылады екен.
- Еріксізде бортышқандар бірнеше есе көбірек өмір сүреді.
- Бортышқан азығын жағында тасиды. Мысалға ауыз қуысына 10 жаңғаққа дейін сиғыза алады.
- Бортышқан жауынның келе жатқанын сезе алады екен, бірден тығылады.
- Олар індерінің аузын шебер жасыра алады, олардың қайда екенін біле тұра табуға қиын болады.
- Інінде ол тіпті ұзындығы 3 метрге дейін созылады, ұяға арналған камерадан басқа 1 немесе 2 қор жинауға арналған қоймалар мен 1-2 тығырық- әжетханалары бар екен.
- Бортышқанның орташа салмағы 100 г. құрайды, қыстау алдында 1 бортышқан өзіне арнап 2-3 кг.азық жинайды.
- Әдетте бортышқан өсімдікті азықпен қоректенеді, кейде жәндіктерді де жейді.
- Азықтан басқа олар ініне ұсақ заттарды тасиды екен, бұл олардың табиғатынан берілген қор жинағыштарымен байланысты.
- Ең қызықтысы, бортышқандар ұйқыға кеткен кезде қыстың ортасында тұрып алып, тамақтану үшін, сосын қайтадан ұйықтайды екен.