Батыс- Алтай мемлекеттік табиғи қорығында марал көші- қонды болып табылалды. Көктемде көші- қон соқпақтары арқылы маралдар РФ аумағынан қорық аумағына қайтады.
Негізінен олар қорық аумағын бұзаулау үшін және төлдерін өсіру үшін пайдаланады, ал күзгі- қысқы кезеңде қорықпен шектесТаулы Алтай аумағына көші- қон жасайды.Қыстауға негізінен аталықтары қалады,, ұрғашылары бұзауларымен көші- қон жасайды. Қорық аумағында мекен ету ауданы шектеулі, қары аз аудандарда қыстайды, таудың оңтүстік бөктерінде.
Енді бірнеше қызықты деректерді қарастырайық:
- Маралдың аталығының неғұрлым күштірек болса соғұрлым оның даусы қарлыққан болады екен.
- Олар сортаңды жиі жалап, жерді кеміреді, организмге қажетті минералдарды алу үшін.
- Қысқа қарай маралдың терісі қоңыр- сұр түске айналады, ал түлеген соң жирен болады.
- Маралдардың үлкен мүйіздері болады- ұзындығы 120 сантиметрге дейін ал салмағы 12 килограмға дейін.
- Ересек аталықтарының салмағы 300 кг-нан асады.
- Маралдың құйрығының астында өзіне ғана тән – ақ дақ болады.
- Маралдардың мінезі ашушаң, күйгелек, араларында жиі жанжал болады.
- Олар аздаған отбасымен жүреді, кәрі аталықтары жалғыз жүреді.
- Жабайы табиғатта 12-14 жыл, еріксізде одан көбірек 25-30 жыл жасайды.
- Марал секіргенде 5-6 метр арақашықтықты артта тастайды екен.