- Тиіндер барлық жерде жүреді, тек Австралия мен Антарктидадан басқа.
- Батыс- Алтай мемлекеттік табиғи қорығында олардың саны балқарағай жаңғағының өнімді жылы кезінде көбейеді.
- Жанаттар, жыландар, жапалақтар- бұл кеміргіштердің басты жаулары.
- Тиіндер тек көлеңкелі және құрғақ ормандарды жақсы көреді.
- Аптасына тиіндер өзінің салмағына тең тамақ жейді. Ал ересегінің салмағы 2 килограммға жетеді.
- Тиіндер тамақ талғамайтындар, олардың рационына түрлі ағаштардың 150 тұқымы кіреді.
- Тиіндер жыртқыш та бола алады, олар жәндіктермен, тіпті құстардың кішкентай жұмыртқаларын, сүтқоректілермен, бақалармен де қоректене алады.
- Тиін қысқа азығын жинайды- олар жаңғақтарды, емен жаңғағын, саңырауқұлақтарды ағаштардың қуысына тығып, кейбір түрлерін- жерге көмеді екен. Бірақ жиі ұмытып қалады қайда тыққанын. Тиіннің осы ұмытшақтығы орман пайда- жерде көмілген жаңғақтар өсіп, орманды жаңа ағаштарға толтырады.
- Тиіннің ұясы «гайно»(тиін ұясы) деп аталады, бір тиіннің өзінде 15 шақты ұясы болады екен.
- Тиіндердің көбеюі жылына екі рет болады- қыста және жазда.
- Тиіндер жылына үш рет ұрпақ әкеледі. Мекен ету аумағының климаттық жағдайына байланысты.
- Балаларын тек ана- тиін өсіреді. Еркектері бұл іске араласпайды.
- Тиіндердің алдыңғы табандары артқысына қарағанда қысқа болады.
- Тиіндер қараңғыда жақсы бағдарлай алады.
- Ең таза кеміргіштер тиіндер болып табылады.
- Тиіндер еріксізде көбеймейді.
- Тиіндер көшпелі өмір салтын жүргізеді. Көшуге себеп тек негізгі қорегінің өнімсіздігі бола алады.
- Ересектері жалғыздықта өмір сүреді.
- Табиғатта тиіндер 8 жылға дейін өмір сүреді.
- Тиін ептілігінің құпиясы-оның сиқырлы- құйрығында. Тиін өзінің құйрығын рөл ретінде қолданады: оның көмегімен қисығынан теректен терекке 15 метрге, ал турасынан 4 метрге секіре алады. Құйрығы парашют ретінде пайдаланылады: тіпті 30 метр биіктіктен құлаған кезде де тиін аман- есен қалады. Ал жерде алысқа секіре алмайды, тек ұзындығы 1 метрге ғана.
- Өздерінің құйрығын қозғалту арқылы олар өзара сөйлеседі.
- Құйрығы сонымен қатар суық түндері жылы көрпе ретінде де пайдаланылады.
- Тиін керемет жүзгіш болса да, суға малынған құйрығы оны судың түбіне алып кетуі мүмкін.
- Тиіннің төрт алдыңғы тістері бар, олар ылғи өседі. Егер тістері тым ұзын болса, ол жаңғақтарды шаға алмай аштан өліп қалуы мүмкін. Сондықтан ол ылғи кеміріп отырады, тістерінің артық ұзындығын қайрап, өткірлеп отырады.
- Тиіндер жануарлар мен адамдардың қозғалысын көшіре алады екен.
View the embedded image gallery online at:
https://zagpz.kz/kz/zhanaly-tar/459-tiinderdi-mirinen-yzy-ty-derekter.html#sigFreeId374306a9a3