- Аюлар жануарлар арасындағы жас түр болып есептеледі, оларға бес миллион жыл ғана. Егер қолтырауындармен салыстырсақ, жасыл тісті жыртқыштар 83,5 млн. жыл бұрын пайда болған.
- Батыс- Алтай мемлекеттік табиғи қорығында қоңыр аю мекендейді. Олардың санағы көктемгі кезеңде басталады. Бақылаулардың мәліметтері бойынша аюдың апанынан шығуы 4-7 сәуірге түседі.
- Таралған түсінікке қарамастан, аюлардың барлығы қыста ұйқыға кетпейді. Полярлық аюларда тек жүкті аналық аюлары ғана ұйқыға кетеді екен.
- Аюлардың интеллектісі өте жоғары дамыған. Аюлар аңшылардың қақпанын зиянсыз қыла алады, яғни қақпан бекер жабылсын деп оған таяқ пен тас лақтырады екен.
- Аюлардың жақын туыстары биологиялық көзқараспен қарағанда иттер, қасқырлар, қызық болса да түлкілер болып табылады екен.
- Аюлардың ішіндегі ең ірісі- полярлық аю, олардың салмағы жарты тоннаға дейін жетуі мүмкін.
- Барлық аюлардың жүндері екі қабаттан тұрады, біреуі судан қорғаса, екіншісі жылуды сақтауға көмектеседі.
- Ең ұзын тырнақтарымен малайлық аю мақтана алады- ұзындығы 10 сантиметрге жетеді екен.
- Жарты жылға созылатын ұзақ ұйқы кезінде аюлар өздерінің дене салмағының жартысынан айырылады.
- Аюлардың барлық түрлері, полярлық аюдан басқалары қорек талғамайтындар. Ақ аюлар тек етпен ғана қоректенеді.
- Аюлар өте жақсы жүзеді, тіпті ені бес немесе одан көп километр өзен не көлді жүзіп өте алады екен.
- Аюлар өте жақсы жүгіреді, қажет болғанда аю жылдамдығын 60 км/ сағ. жеткізеді.
- Ғалымдардың соңғы зерттеулеріне қарағанда аюлардың кейбір түрлері, мысалға барибал- аюлар санай алады екен.
- Аю адамдарға көрінбес үшін ағаштың артында қозғалыссыз тұруы мүмкін немесе тастың артына тығылып қалуы мүмкін