Егер де адамдар жақын арада табиғатқа ұқыптылықпен қарамаса, өз- өздерін құртады. Қазіргі уақытта адамдарда көптеген экологиялық проблемалар бар, ал олардың себебі қарапайым экологиялық сауатсыздық болып отыр. Біздің экология принциптеріне қатысты сауатсыздығымыз- біздің табиғи ортаны ластап, бұзып отыруымыздың себебі болып отыр.

 

Көп адамдар экологиялық қауіпсіздік облысындағы істердің жағдайы туралы сонымен қатар азаматтарды экология туралы ойлау маңыздылығы жалпы қоғамды ақпараттандыру күні бар екенін әлі білмейді. Жоқ бұл эколог күні емес, қоршаған орта күні емес, ол экологиялық білім күні. 15 сәуір күні тұрғындардың экологиялық мәдениеттілігін қалыптастыру мен экологиялық белсенді қозғау жүргізіледі. Осы жылы 28 жылдығы атап өтіледі. 1992 жылы 15 сәуірде Рио- де- Жанейрода БҰҰ конференциясы өтті, онда қоршаған ортаның проблемалары талқыланды, яғни адамзаттың тұрақты дамуы үшін және тірі қалу стратегиясын жүзеге асыруда бүкіл әлем елдері тұрғындарының экологиялық білімінің үлкен маңыздылығы ескерілді. Бұл Әлем үшін тарихи күн, осыдан кейін әлем елдері экологиялық дамудың концепцияларын құра бастады, сонымен қатар экология проблемаларына көбірек мән беріле бастады. Бқл жерде т ұрғындардың экологиялық біліміне қатысты сұрақ та соңғы орын да емес.

 

Экологиялық білім мен мәдениеттілікті қалыптастыру өзекті болып келеді, себебі экологиялық сұрақтарға байланысты тұрғындардың сауатсыздығы қауіпті образда жалғыз табиғатқа, флора мен фаунаға ғана әсер етпейді, әрқайсымыздың интеллектуалды- рухани өмірімізге де қатысты. Экологиялық білім адамдарда экологиялық сананың қалыптасуын жүзеге асыруға шақырылған, яғни адам мен табиғаттың жаңа өзара қарым- қатынасының пайда болуы.

 

Бүкіл әлемде ЕҚТА тұрғындармен экологиялық мәдениеттілікті қалыптастыру бойынша аз жұмыс жасап жатқан жоқ. Осы жылы Батыс- Алтай мемлекеттік табиғи қорығының ҒМЭАжТ бөлімі мамандары «Парктер шеруі-2020» акциясы аясында үлкен экологиялық- ағартушылық жұмыстарды жоспарлады. Бірақ әлемдік вирус эпидемиясына еліміз бойынша ТЖ енгізумен байланысты, көптеген іс- шаралар кейінге қалтырылды- ағаш отырғызу, аумақтарды тазалау, білім мекемелеріне дәріс өткізу, байқаулар және т.б. Жұмыс онлайн тәртібіне көшірілді. Жуықта Құстар күніне орай «Құстың үйі» акциясы өтті. ТЖ тәртібіне дейін бірнеше мектептер мен балабақшаларды дәрістер мен семинарлар өткізіп үлгердік. Табиғат қорғау мен экологиялық- ағартушылық тақырыбына мақалалар мен посттар жазылуда. Пассивті насихаттау да сырт қалмады- Риддер қаласында 2 баннер орнатылды. Әрине біздің жұмысымыз тұрғындар арасында танымал. Жыл сайын біздің акцияға қатысушылар көбейіп келеді, ағарту аумақтардың қамтылуы да жыл сайын үлкеюде, көп адамдар бізді таниды. Адамдар бізге тартылып жатыр, ортақ экологиялық іске өз үлестерін қоса. Адамдар экологиялық білім мен иекемділікті алып отыр және насихаттап жүр. Ал 15 сәуір – бұл экологиялық проблемаларға барлық бей- жай қарамайтындарды біріктіретін жалпы экологиялық іс туралы еске салу күні.

Матков Дмитрий

«Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ