Қара дегелек- Дегелектектестерге жататын құс. Әлемдегі көп елдердің Қызыл кітабына енген , біздің Қазақстанды да қосқанда. Қазақстанның Қызыл кітабында- ІІІ санат (саны тұрақты сирек түрлер, популяцияларында жеке саны төмен).
Қара дегелек- мөлшері ірі құс: салмағы орташа 3 кг, қанатының қарқыны 1,5 метрдей болады, аяқтарының биіктігі бір метрдей.
Осы тамаша құс туралы қызықты деректерді қарастырайық:
- Қара дегелек уақытын жалғыздықта өткізеді. Қара дегелектің тобын қыстаққа ұшу кезінде байқауға болады.
- Жұбын өмір бойына таңдайды.
- Батыс- Алтай мемлекеттік табиғи қорығында «Қара Оба» айналымында бірнеше қара дегелектерді байқауға болады.
- Құс бір ұясын жыл сайын пайдаланады, балапандарына мұра ретінде қалдырады. Ұясының диаметрі 1,5 метрге жетуі мүмкін және 200 кг тартады екен.
- Құстың ұшу жылдамдығы сағатына 40 шақырымға жетеді.
- Күрделі ұшу кезінде, сапар алдында дегелек тобында іріктеу жүргізіледі. Құстар жолға шыдай алмайтын әлсіз жекелерді өлтіреді. Бұны олар ауру құстар жолда топтың қозғалысын бөгеттемеу үшін жасайды.
- Егер бөтен құс ұясын иемденгісі келсе, иесі тұмсығымен шиқылдап, өзін көрсетеді, қанатын жібереді, басын шалқайтады. Егер осы ісі көмектеспесе, араларында төбелес болуы мүмкін.
- Секундына дегелек қанатын үш рет қағып үлгереді.
- Күніне ұшу кезінде 200 шақырымды артта қалдырады.
- Егер суатта қара дегелектер ұя салса, онда ол химикаттар мен ластанудан таза. Құс лай суды ішпейді.
- Құстың ас қорыту жүйесінің ішкі құрылымы олардың өзіне зиян келтірмей- ақ улы жыландарды жеуіне болады. Қара дегелекте жылан уына табиғи иммунитеті бар.
- Қара дегелектің жасын көзінің айналасындағы түсіне байланысты анықтайды. Жасы үлкен құста ол қызыл түсті, жасында- сұр- жасыл.
- Дегелектің жауы көп емес. Ол қолтырауынның немесе қыранның жеміне айналғаны сирек кездеседі. Ал ұшу кезінде электр тогын жіберетін линиялармен соғылғанда электр тоғынан өлген кездер болады. Дегелек соынмен қатар ұясына жете алатын жыландардың олар орманды кеседі, батпақтарды құрғатады, аулап өлтіреді.
Сондықтан біз адамдар табиғатқа деген варварлық қатынасымыз туралы ойланып, тірі табиғаттың нысандарымен өмір сүру тәсілдерін тәжірибеде пайдалана отырып, тірі табиғатқа еш зиянымызды тигізбейік!