Үкі- жапалақ тұқымдастардың ішіндегі ірі қанатты жыртқыш, оның денесінің  ұзындығы 75 см-ге дейін жетеді, салмағы- 4 кг дейін, құс жапалақ тектес отрядына жатады.  Үкі құстардың сирек түрі, Қазақстанның Қызыл кітабына енген.

Үкілер Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығында мекендейтін отырықшы түр болып табылады.  Ұяларын сазды немесе жазық учаскелерде орналасқан тасты жарларда салады.

Осы тамаша құс туралы қызықты деректерді қарастырайық:

  1. Үкілердің ұрғашылары ірі, массивті болып келеді, еркектеріне қарағанда.
  2. Кейбір орнитолог- ғалымдардың болжауынша үкілердің қауырсынды будалары кішкентай дыбыс тербелістерін аулайтын антенна іспеттес бірақ бұл тек болжам ғана.
  3. Үкі адамдарды мүлдем жатсынбайды, фермаларда, қалалардың саябақтарында қоныстанады, кеміргіштер мен зиянкестерді аулай, өнімді күзетеді.
  4. Үкінің аулаған олжасы өзінен 10 есе үлкен болуы мүмкін.
  5. Аулау кезінде үкілердің көптеген түрлері қорқынышты дыбыстар шығарады, олар ұсақ тірілерді және ұйықтап жатқан қанаттыларды қорқытады, олар өз індерінен шығып немесе турасынан көкке көтеріледі. Үкі құстарды жиі ұшу кезінде өлтіреді.
  6. Үкілердің балапандары арасында каннибализм деген құбылыс бар, бұнда ірі және күшті балапан өзінің әлсіз қанатты бауырын жеп қояды.
  7. Үкілер еркіндікте болмаған жағдайда 70 жылға дейін өмір сүрген жағдай тіркелген.
  8. Үкілерге көп әртүрлі паразиттер қауіп төндіреді, олар қалың қауырсындануында мекендейді, құстың өліміне де осы  паразиттер тудыратын түрлі аурулар мен инфекциялар себеп болады.