Халықаралық құстар күні- бұл жылда 1 сіәуірде тойланатын экологиялық мейрам. Осы мейрамның бастамасы  ауыл шаруашылығында пайдалы, құстарды қорғау халықаралық конвенциясы  болды.  Ол 1905 жылы күшіне еніп, қоршаған ортаны қорғау айналасында ең алғашқы халықаралық конвенция болды.

Әлемде құстардың 8,5-9,0 мың түрі кездеседі, Қазақстанда 500 түрі бар. Осы барлық түрдің жартысынан көбі біздің елімізде тіркелгендері сулы- батпақты  кешеннің өкілдері болып табылады. Саны бойынша бұл топта өздеріне тең келетіндері жоқ, көптеген түрлері жүз мыңдаған және милиондаған дара  түрінде келеді.  Қазір көктем келісімен олардың құбылған әндерін естуге болады.   Батыс- алтай мемлекеттік табиғи қорығының қазіргі құстар фаунасына 162 түр енеді, 120 ұя салатындар.  Әрине ары қарайғы зерттеулердің арқасында аралық, ұшып келген, мекендеуші түрлердің арқасында бұл тізім кеңейеді.  Бүтін түрдің  әсіресе ұя салатындардың мәртебесі де нақтыланатын болады. Қазақстанның қызыл кітабына енгізілген жойылып және сирек кездесетін құстардан  Батыс- Алтай қорығында 6 түр белгіленген. Көші- қон кезінде қорық аумағында ителгі кездеседі, ол «Жыл құсы 2020» болып табылады.  Бұдан басқа қорықта құстардың ұя салатын  5 түрі  кездеседі (қара дегелек, бүркіт, лашын, сұр тырна және үкі. Тағы  2 түр (шәукілдек және сары торғай)  BirdLifeInternational (2005) құрылған құстардың жаһанды қауіпті түрі халықаралық тізіміне  енген.

Құстар табиғаттың басқа да нысандары сияқты адамның қорғауы мен қамқорлығына мұқтаж, себебі адам құстардың биоалуантүрлілігін ұқыпты қарым- қатынас жасай, жаңа ұрпақты табиғатпен үйлесе тәрбиелеу және де планетамыздың биосферасында құстардың жоғарғы маңыздылығын  насихаттау жолымен сақтай алады.

Біз мынаны нақты түсініп, білуіміз қажет, егер құстар жоғалып кетсе, экологиялық апат орын алады және оның салдары адам үшін болжап болмайтын, оларды жою Жер планетасының биологиялық алуантүрлілігіне орны толмас зиян келтіріледі.

Құстар күнімен құрметті әріптестер!

Сіздерге  құстардың популяциясын қорғауда  табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!