13 ақпанда Риддер қаласының Мәдениет Сарайында  фотографтардың фотокөрмесі өтті, Өскемен қаласынан- «Кристалл» фотоклубы және Риддер қаласынан – «Риддер» фотоклубы.

 

Көрермендердің назарына барлығы 225 жұмыс ұсынылды, («Кристалл» фотоклубының -60, «Риддер» -165). Аталған жұмыстардың авторлары: Александр Клименко, Дмитрий Ткачев, Виктор Кузнецов, Юрий Талдыкин, Александр Пучеглазов, Аркадий Уалханов, Татьяна Маслова.

 

Тарихынан мәліметтер: «Кристалл» фотоклубы 2018 жылы өзінің 50 жылдық мерейтойын атап өтті, міне бұрыннан беріосындай фотоклуб  бар екен. «Риддер» фотоклубы әлі жас, оған бір жарым жас, соған қарамастан, олардың жұмысы ғажайып және тамаша.

 

Аталған көрме фотосуретшілерінің шабытының басты тақырыбы- біздің туған өлкеміздің таңғаларлық және сұлу табиғаты болып табылады. Фотосуреттерде фотографтар жыл мезгілдері ауысымының көріністерін түсірген- қыс, көктем, жаз, күз; мезгілдің ауысымы- бұл күннің батуы, атуы, сонымен қатар таңғажайып таулар, ормандар, қырлар, көлдер, өзендер және шалғындар. Тәжірибелі шеберлер айтқандай, жақсы фотосурет үшін екі негізгі шарт қажет- ол қажет жерде қажетті уақытта болып, қолыңда фотокамера  болу керек.

 

Түсірім- бұл өнердің ауыр түрі, суретті техникалық жағынан жасау қиын емес, бірақ пейзаждың көніл- күйі мен көз тартарлығын жеткізу қиынырақ. Бекер айтпайды гой, фотограф пейзажшы ботаник қана емес, көбірек  ақын болу керек деп.

 

Көрмеде пейзаждар көп орын алды, дегенмен портреттер де болды, онда адамдардың эмоциялары мен көңіл- күйлері бейнеленді. Әрбір автордың қоршаған әлемді көру бойынша өзіндік фотографиялық қолтаңбасы бар.

 

Фотосуретшілердің жұмыстарымен шабыттанған Харская Ольга Ивановна қонақтар үшін өзі шығарған өлеңін оқыды. Клименко Александр Александрович Батыс- Алтай мемлекеттік табиғи қорығының әкімшілігін жұмыста көрсеткен қолғабысы үшін алғысын білдірді.  Ткачев Дмитрий  Юрьевич автоклубты ашу туралы  өзінің ойымен бөлісіп, бұл саяхаттауға және тағы да көптеген сапалы және қызықты фотосуреттердің пайда болуына мүмкіндік беретінін айтып кетті. Уалханов Аркадий Алтынханович, эпиграф оқып шықты «туған өлкемде» авторы П.Рудник.

 

Көрменің соңында фотосуретшілер алғыс хаттарын алды, Риддер қаласының "Мәдениет, тілдерді дамыту, физикалық мәдениет және спорт бөлімі" ММ басшысы- Наталья Петровна Мироненкодан.

 

Осы көрмені қорытындылай келе, фотография- бұл өнердің ерекше түрі, жанның күйі, шығармашылыққа бар ынтасын салушылық болып табылады. Осы бір керемет іспен айналысатын адамдар тек өздері ғана табиғатты сүйіп қоймай, сонымен қатар қоршаған табиғаттың сұлулығына бізді де тартады.