2020 жылдың 5 ақпанында «Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» Республикалық мемлекеттік мекемесі табиғи кешендер мен нысандарды күзету бөлімінің орман шеберлері Биахметов А.Б., Сіләмов А.А. және Риддер қаласының прокуроры Акулов А.А. құқық қорғау және басқада мекемелермен бірлесе ҚР табиғат қорғау заңдамалары бойынша тәртіп бұзушылық фактілерін анықтау, қаскөйлікпен күрес жоспары бойынша бірлескен рейдтік шаралар жүргізілді.
Рейдттік шаралар «Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» Республикалық мемлекеттік мекемесінің күзету аймағы, «Қара Оба», «Көк Су», «Платониха» айналымындағы мемлекеттік инспекторлар мен өрт сөндіру күзетшілерінің жұмыстарын тексерді. Кордонның тазалығы, жұмыс күнделіктері, лауазымдық міндеттері тексерілді. Алдағы уақытта бірлескен рейдтік шараларды ай-сайын ұйымдастыру жоспарланып отыр. Рейдтік шаралар кезінде Ерекше қорғалатын табиғи аумақта ешқандай заңбұзушылық тіркелген жоқ.
https://zagpz.kz/kz/zhanaly-tar/402-rejdtik-sharalar-zh-rgizildi-2.html#sigFreeId3c694db61f