2019 жылдың 25 қарашасында ШҚО әкімдігінде ҚР Үкіметі мен БҰҰДБ, ГЭФ «Әр түрлі артықшылықтарға қол жеткізу үшін әлемдік маңызы бар негізгі экожүйелерді сақтау және орнықты басқару» жобалары бойынша кілттерді табыстау рәсімі өтті.
Батыс- Алтай мемлекеттік табиғи қорығы «Патриот» УАЗ маркалы автокөлігін алған, пилотты үш ЕҚТА-ң бірі ретінде қатысты. Жоба бойынша қорық көліктің бір бірлігін алды.
Автокөліктердің кілтін табыстау рәсіміне Қазақстандағы БҰҰДБ Төрағасының тұрақты орынбасары Виталий Времиш және Шығыс Қазақстан облысының басқармасы қатысты. Жоғарғы өткіштікті патрульді автокөліктер күзет және рейдтік тексерістер жүргізу үшін алынды, браконьерлік пен өрт қауіптілігінің жоғарғы қаупін ескере отырып, сонымен қатар пилотты ЕҚТА-да орман өрттерін болдырмау және мониторинг жасау үшін де. Автокөліктермен бірге, ЕҚТА-ға біздің аумақта мекендейтін сирек жануарлар туралы мәліметтерді жинау және монитрингін жүргізу үшін фототұзақтар да тапсырылды.
Заңсыз аң аулау мен ағаш кесуді болдырмау сұрақтарына Қазақстан Президентінің назары мен қатаң бақылауына сәйкес, заманауи көлік құралдары мен жабдықтар Шығыс Қазақстан облысында браконьерлікті болдырмаудың тиімділігін арттырады.
https://zagpz.kz/kz/zhanaly-tar/376-kiltterdi-tabystau-r-simi-tti.html#sigFreeIde784464df2