Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы № 383-V ҚРЗ «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М.Мырзағалиевтың 2019 жылғы 16 тамыздағы №10-Ө «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамын бекіту» (бұдан әрі – Жұмыс тобы) бұйрығы бекітілді.
ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 24 тамыздағы №516 «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» қаулысының 3-тарау 22-тармағына сәйкес, Жұмыс тобы Министрліктің сайтында Министрліктің қоғамдық кеңесінің құрамына кандидатураларды алу туралы конкурс жариялады (http://ecogeo.gov.kz/kk/kategorii/obyavlenie).
Заңның 10 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:
1) сотталғандығы болмауы;
2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;
3) психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиіс.
- Конкурсқа қатысу үшін:
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады.
Сондай-ақ, өтініштер а.ж. 2 қыркүйекке дейін қабылданатының хабардар етуді сұрайды.