27 мамыр күні Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да туризмді дамыту бойынша конференция өткізілді, оған Батыс Қазақстаннан келген қонақтары қатысты.
Конференцияға ШҚО атынан «Вояж» турфирмасы, «Изумрудный» шипажайы, «Рахмановские ключи» шипажайы, «Holiday» демалыс үйі (Алакөл), «А тур» турагенті, «Алтайские Альпы» тау шаңғысы курорты, «Injy» демалыс базасы (Алакөл) және 3 ЕҚТА-Катонқарағай ұлттық табиғи паркі, Марқакөл және Батыс - Алтай мемлекеттік табиғи қорықтары қатысты. Келешекте қонақтарға Шығыс Қазақстан табиғатының дамыту туралы дөңгелек үстел өткізілді. Батыс өңірінен келген туризм өкілдері өз әсерлерімен бөлісіп, ынтымақтасуға ниет білдірді. Сондай-ақ қолда бар инфрақұрылымға, көліктік қолжетімділікке және елдің батысынан шығысқа жету мүмкіндігіне қатысты мәселелер көтерілді.
Дөңгелек үстелден кейін Батыс Қазақстаннан келген туризм өкілдері ШҚО-нан келген әріптестерімен сұхбаттасып, байланыстармен алмасты. Мұндай конференциялар аймақтарды жақындастырады, ынтымақтастыққа серпін береді және туризмді дамытуға ықпал етеді.
https://zagpz.kz/kz/zhanaly-tar/287-turizmdi-damytu-bojynsha-konferentsiya.html#sigFreeId2a325b66b4