Батыс-Алтай қорығы Шығыс Қазақстан облысының аудандарында экологиялық-ағартушылық жұмысын жалғастыруда, бұл жолы біздің қызметкерлеріміз Жаңа Ахмер және Ұлан ауданында орналасқан Қасым Қайсенов (бұрыңғы Молодежный) мектептерінде болып қайтты.

   

21 мамырда біз Өскемен қаласының жанында орналасқан Жаңа Ахмер орта мектебіне бардық. 9 сынып оқушылары арасында біздің өлкеміздің табиғаты туралы айтып, балаларды табиғатты сақтауға және сүюге шақырды. Содан кейін бастауыш сынып оқушылары табиғат туралы ән шырқады. «Парктер шеруі» аясында мектеп балаларының дайындаған байқаулық суреттері қаралды. Ең жақсы суреттердің авторлары мен сәлемдесу кезінде ән шырқаған балалар грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды.

 

 

 – Жаңа Ахмер ауылындағы мектепте дәріс.

 

 

 

 

 – Жаңа Ахмер оқушыларынан әншілік сәлемдесу.

  

 

 

  – марапатталған оқушылар

    

Жаңа Ахмер мектебінен кейін біз Ұлан ауданының орталығы-Қасым Қайсенов (бұрынғы Молодежный), аудан орталығына  бардық, Өскемен қаласынан 12 км қашықтықта Алматы трассасы бойында. Біз үшін бұл Ұлан ауданына бірінші сапар болды, біздің мақсатымыз Р.Марсеков атындағы мектепке келу болды. Мектеп өкілдері Батыс- Алтай қорығы-бұл бірінші ерекше қорғалатын табиғи аумақ екенін мойындады. Бастауыш сынып оқушылары акт залында жиналып, біздің қорығымыз туралы дәріс тыңдап, қызықты викторинаға қатысты. Бұл мектептің оқушылары бізді құр алақан емес қолөнер өнімімен және суреттермен қарсы алды, кейін олар өз бағасын алды. Біздің сапарымыздың соңында үздік жұмыстар марапатталды және грамоталар мен сыйлықтар берілді.

 

 

 

 

 – Қ.Қайсенов кентінің орталығында үлкен мешіт орналасқан.

 

 

 – Р.Марсекова атындағы № 44 мектептің суреттер мен қолдан жасалған бұйымдарын тексеру

 

 

 – дәріс

 

 

 – марапатталған оқушылар

 

 

 – Мектеп оқушыларымен жалпы фото

 

Жаңбырлы ауа райына қарамастан, сапар өте қызықты және танымдық болды, әсіресе оқушылар үшін. «Парктер шеруі - 2019» акциясының аясында байқаулық жұмыстардың көрмесінде біз үздік суреттер мен қолөнер туындыларын алып кеттік. Көрме 27 мамырда қорық табиғат мұражайында өтеді. Қатысуға ниет білдірушілердің өз жұмыстарын алып келуге уақыт бар.

 

 

 байқаудың суреттері