«БАМТҚ» РММ мұражайында сүтқоректілер, құс ұялары мен жұмыртқалардың, тұяқты жануарлардың мүйіздері, сондай-ақ қаңқалардың, тері ұшаларының экспозицияларының коллекциялары, минералдар үлгілері, өсімдіктер тұқымдары жинақталған.
Мұражайға тек оқушылар мен студенттер ғана емес, сонымен қатар әр түрлі жастағы және түрлі іс-әрекеттегі адамдар да шақырылады. Қорық қызметкерлері мұражай бойынша қызықты экскурсиялар өткізеді, Батыс - Алтай қорығының флорасы мен фаунасының өкілдері, сондай-ақ сирек кездесетін және ерекше қорғауға мұқтаж жануарлар мен өсімдіктер туралы ақпарат береді. Сонымен қатар, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктер мен жануарларға арналған стендтер бар.
Мұражай қабырғасында қорықтың экологиялық бағыттарымен
танысуға болады. Қорық аймағының аумағында төрт бағыт әзірленді:
«Эталон Западного Алтая», «Заповедные дали», «Алешкины стежки»,
«Каменная сказка».
Мұражай бойынша экскурсияларды ғылым, мониторинг,
экологиялық ағарту және туризм бөлімінің мамандары сенбі мен
жексенбіден басқа күн сайын 8-ден 17.00-ге дейін өткізеді
(үзіліс сағат 12.00-ден 13.00-ге дейін).
Мұражайға бару үшін төлем алынбайды.
Мекен-жайы: Семипалатинская көшесі,9.
Телефон: 8(72336)4-09-27